МОЙЫНТЫЛЫҚ ЖАС ПАЛУАНДАР – ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!
Мойынты кентінің жас балуандары Қазақ күресінен өткен облыстық ашық турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
Ағымдағы жылдың 8 қараша күні Қарағанды қаласында 2015–2016 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында «Самғау» спорт клубының ұйымдастыруымен Қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті.
Аталған жарыста Мойынты кентінің жас палуандары өздерінің шеберліктерін, қайсар мінездері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, жалпы 9 жүлделі орынға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз төмендегідей нәтиже көрсетті:
🥇 І орын:
- Төлеухан Ислам – 2016 ж.т., 29 кг;
- Мадикан Нұрдаулет – 2016 ж.т., 32 кг;
- Жұпбай Айсұлтан – 2015 ж.т., 35 кг.
🥈 ІІ орын:
- Қуандық Ұлан – 2016 ж.т., 29 кг;
- Қалдыбай Мирас – 2016 ж.т., 32 кг;
- Базарбай Жанәділ – 2015 ж.т., 29 кг;
- Рахат Жігер – 2015 ж.т., 42 кг;
- Марат Ақназар – 2015 ж.т., 35 кг.
🥉 ІІІ орын:
- Бекболат Жігер – 2015 ж.т., 35 кг.
Бұл жетістік – жас спортшылардың табанды еңбегі мен үздіксіз жаттығуларының, сондай-ақ бапкердің кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі.
Жас балуандарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Спорттық жолдарың әрдайым жеңіске толы болып, көк байрағымызды биікке көтере беріңдер!
Жас ұрпақтың бойында ұлттық спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, қазақ күресінің дамуына үлес қосып жүрген бапкер Н. Тлеухорды да шәкірттерінің жетістігімен құттықтаймыз!
Жарайсыңдар, жас чемпиондар! Алда әлі талай асулар мен толағай табыстар күтіп тұр! 👏🇰🇿🏆
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









