Полиция мен прокуратура «Тұран» колледжінің студенттерімен кездесті

    1 / 5

    Елордада жастар арасындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында «Тұран» колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Іс-шараға қалалық полиция және прокуратура өкілдері қатысты.
    Кездесудің ерекшелігі – жастардың өздері түсірген бейнероликтердің көрсетілуі болды. Бейнематериалдарда авторлар өмірлік жағдайларды мысалға ала отырып, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар мәселесінің өзектілігін көрсетті. Сондай-ақ ойланбай жасалған әрекеттердің салдары мен заңға бағынудың маңыздылығына назар аударды.
    Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты құқықтық салдарлар, мұндай құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ жастарды заңсыз әрекеттерге тартудың қауіптілігі туралы түсіндірді.
    Мұндай форматтағы кездесулер маңызды ақпаратты жастарға түсінікті тілде жеткізуге, олардың назарын өзекті мәселеге аударуға және әрбір әрекеттің салдары туралы ойлануға мүмкіндік береді.
    Елорда полициясы прокуратура органдарымен бірлесіп, мектептер мен колледждерде профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Кездесулер, дәрістер, ашық диалогтар мен тақырыптық бейнематериалдарды көрсету жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, болашағына саналы түрде қарауға және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары