«КаспиМұнайКапитал» ЖШС-ның Орал қаласындағы өндірістік алаңында аймақ басшысы Нариман Төреғалиев пен облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының тең төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың көшпелі отырысы өткізілді.
Компания мұнай-газ секторына арналған жабдықтар, ұңғымаларды жөндеу құралдары мен металл конструкцияларын өндіреді. Мұнда модульдік ғимараттар дайындау ісі де жолға қойылған. Кәсіпорын қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген. Жуырда лазерлік қондырғы орнатылып, өндірістік әлеует арта түсті. Өнімдерді негізінен Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарының компаниялары сатып алып отыр.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев кәсіпорын жұмысын оң бағалап, өңірдегі мұнай-газ компанияларымен жан-жақты байланыс орнатуды тапсырды. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде отандық өнімдерге басымдық берілетінін айтып, қызмет түрлерін сұранысқа сай әртараптандырудың маңызын атап өтті.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









