ҮШ КӘСІБИ МЕРЕКЕ АТАЛЫП ӨТТІ!

    1 / 4

    📌 Бүгін аудан әкімдігі ғимаратында 8 қараша – Статистика күні, 10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлері күні және 15 қараша – Қазақстан Республикасының қаржы саласы жұмыскерлері күніне орай мерекелік шара өтті.

    🔶 Салтанатты жиынға аудан әкімі Дәулетияр Қанатұлы қатысып, кәсіби мереке иелерін құттықтады. Өз сөзінде аталған салалардың ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырудағы және маңызды шешімдер қабылдаудағы айрықша рөлін атап өтіп, сала мамандарына адал еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдірді.

    🎖️ Мерекелік шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы жемісті еңбегі үшін аудандық қаржы бөлімінің басшысы С. Орынбеков пен сала ардагері Б. Бекенбаева «Әйтеке би ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

    📜 Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, кәсіби біліктілігі мен жоғары жауапкершілігін танытқан бірқатар сала қызметкерлеріне облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының, аудан әкімінің және облыстық қаржы басқармасы басшысының Алғыс хаттары табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары