instagram.com/reel/Dfr10wWxkhl/?exln=MXBtZ2tjcGs3cHg4OA==
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қарабұтақ ауылында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзекті мәселелерін шешуге қолдау көрсету мақсатында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімдігі, прокуратура, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері және жеке сот орындаушылармен нотариус қызметкерлері қатысты.
Акция барысында тұрғындардың тұрғын үй, жер қатынастары, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және өзге де құқықтық мәселелерге қатысты өтініштері қаралды. Азаматтарға заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.
Акцияның басты мақсаты – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайту, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың өтініштерін заң аясында шешуге ықпал ету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






