ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ

    instagram.com/reel/Dfr1W7TxxAV/?vrfl=YTBqcTY4NW11cG9l

    Әйтеке би аудандық ардагерлер ұйымының пленум отырысы өтті. Жиынның басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттарын талқылау, ардагерлер ұйымдарының қоғамдық өмірдегі рөлін саралау және алдағы міндеттерді айқындау.
    Пленумға аудан әкімі Д.Тоғызбаев қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ облыстан ауданның Құрметті азаматтары Ж.Қасымов, Б.Исатаев және С.Құрманалин қатысты.
    Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша А.Ермағамбеттің баяндамасы тыңдалып, Президент Жолдауындағы экономиканы дамыту, озық технологияларды енгізу, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру және реформаларды жүзеге асыру бағыттары талқыланды.
    Екінші мәселе аясында Т.Жүргенов ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы М.Сатимовтың есебі қаралды. Ауылдық округтегі ардагерлер ұйымы мен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесі үлгі ретінде атап өтілді.
    Пленумның мәні – ел болашағына қатысты маңызды міндеттерді ардагерлер қауымының көзқарасымен саралап, қоғамдық келісім мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары