«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

    Осы айтулы марапатқа ие болған жерлесіміз Дәурен Тілеуханды шын жүректен құттықтаймыз. Бұл - тынымсыз еңбек пен табандылықтың, таланты мен ізденісінің жемісі.Дәурен Тілеухан - ақын, «Сағыныш сыбыры»,«Нәзік түндегі ноктюрн» кітаптарының авторы.Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.Халықаралық «ШАБЫТ» фестивалінің Гран При иегері.
    2000 жылы 28 казанда Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Көрпе ауылында дүниеге келген.
    2018-2022 жылдары Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде филология мамандығы бойынша білім алды.
    2022-2024 жылдары аталған университетте педагогика ғылымдарының, магистрі атағын алды.
    2022 жылдан бері «Түркістан» газетінде жауапты редактор қызметін атқарады. Abai телеарнасында "Поэзия қағанаты" жане "Сөз патшасы" бағдарламасы, Еларна телеарнасының, «Жаңа қадам» ток-шоуы Дәуреннің шығармашылығына арнап эфирлер әзірледі.
    Ақынның бірнеше өлеңдері түрік, өзбек және қырғыз тілдеріне аударылып, әдеби басылымдарда жарыққа шыққан. Жерлесіміздің шығармашылық жолына сәттілік, шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, алар асуларыңыз биік болсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары