29 қазан күні Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында «Бизнес тынысы: қаржы және өсу» атты облыстық салық форумы өтті.
Маңызды басқосуда өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, бизнесті қолдау, қаржылық мүмкіндіктерді кеңейту және мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлер мен сала өкілдеріне құрмет көрсетілді.
Форум аясында Әйтеке би ауданынан аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы А.Доданова, және жеке кәсіпкер А.Сембаева облыс әкімінің орынбасары А.Есенбаевтың қолынан Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл – еселі еңбек пен кәсіби жауапкершіліктің, кәсіпкерлік саласын дамыту жолындағы қажырлы қызметтің лайықты бағасы.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, алдағы бастамаларына сәттілік тілейміз!
Кәсіпкерлікке қолдау көрсету— экономикалық өсудің негізі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






