1 / 3
Әйтеке би ауданындағы 27 елді мекеннің барлығы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 24 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылса, 3 елді мекенде кешенді блок-модульдер орнатылған.
Осылайша, ауданның 19 411 тұрғыны үшін таза ауыз суға қолжетімділік 100%-ды құрайды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев Үшқатты ауылында орталықтандырылған су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті. Бұл жобаның құны – 273,1 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «АймарСтройСервис» ЖШС жүргізуде. Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






