«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

    Әйтеке би ауданы аумағында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолының 927–1025 шақырым аралығындағы 98 шақырымдық учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев атап өтті.

    Жоба екі учаскеге бөлінген. Оның 927–965 шақырым аралығындағы 38 шақырымдық бөлігінде «Ақ Жол Құрылыс» ЖШС жұмыс атқаруда. Жоба құны – 57,3 млрд теңге.

    Ал 965–1025 шақырым аралығындағы 60 шақырымдық учаскеде «БК «Сине Мидас Строй» ЖШС және «Integra Construction KZ» ЖШС жұмыс жүргізуде. Бұл учаскенің құны – 136,2 млрд теңге.

    Қайта жаңғырту жобасының жалпы құны 193,5 млрд теңгені құрайды.

    Аталған жұмыстар жол инфрақұрылымын жақсартуға, көлік қатынасының қолайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ өңіраралық байланысты нығайтуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары