Түркістан облысы Жетісай ауданының прокуратурасы инвесторларды сүйемелдеу жұмыстарының шеңберінде «Бірлік-Е» ЖШС-ның құны 2,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу зауытын іске қосуға кедергі келтірген мәселені шешті.
Аталған кәсіпорын жылына 50 мың тонна мақта талшығын терең өңдеуге және 200 жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Алайда 2025 жылдан бері өндірістік нысан техникалық сумен қамтамасыз етілмей, зауытты толық қуатта іске қосу мүмкін болмаған.
Қадағалау органының үйлестіруімен аудан прокуратурасы, инвестор және мердігер арасында үшжақты меморандум түзілді. Нәтижесінде кәсіпорын үшін арнайы ұңғымалар қазылып, нысан бір айдың ішінде қажетті өндірістік сумен толық қамтылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға жол ашылды.
Сонымен қатар прокуратура жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі бойынша прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, екі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







