Инвестордың қызметіне араласуға әрекет жасаған басқарма басшысы жауапкершілікке тартылды

    Қызылорда қаласының прокуратурасы негізсіз жеделден қою шарасы қолданылған инвестор — «TEMA RETAILKZ» ЖШС-ның құқығын қорғады.

    Қызылорда қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аталған шараны прокуратура органдарымен алдын ала келіспей қолданған. Бұл ретте тиісті шешім келісуге оны қабылдағаннан кейін ғана жолданған.

    Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде шешімнің негізсіздігіне байланысты оны келісуден бас тартылды.

    Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында қала прокуратурасы Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Аталған актіні қарау нәтижесінде инвесторға қатысты заңсыз қолданылған жедел ден қою шарасының күші жойылды.

    Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін қалалық басқарманың басшысы мен бас маманы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың әрқайсысына 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

    Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету — прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары