Комитет төрағасы Бауыржан Ералы Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының бас директорымен кездесті

    Кездесуде Франция өкілдеріне Комитеттің қызметі, негізгі міндеттері мен инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы айтылды.

    Комитет төрағасы Франция Қазақстанның маңызды инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Комитет үшін француз іскер қауымдастығымен өзара іс-қимылды нығайту, ашық диалогты қамтамасыз ету және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелерге уақтылы жауап беру маңызды.

    Комитет төрағасы Бауыржан Ералы Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының бас директорымен кездесті

    Өз кезегінде Стивен Бострем экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша сындарлы диалогты сақтауға мүдделілік білдірді.

    Комитет төрағасы Бауыржан Ералы Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының бас директорымен кездесті

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ахуал, инвесторлардың құқықтарын қорғау және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуды жалғастыруға мүдделі екенін растады.

    Комитет төрағасы Бауыржан Ералы Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының бас директорымен кездесті

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары