Атбасар ауданының ардақты ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, құрметті сала ардагерлері!

    Атбасар ауданының ардақты ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, құрметті сала ардагерлері!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Ауыл шаруашылығы — Атбасар ауданының әл-ауқатының негізі. Күнделікті қажырлы еңбектеріңіздің, туған жерге деген адалдықтарыңыздың, жауапкершіліктеріңіз бен кәсібиліктеріңіздің арқасында біз мол өнім алып, мал шаруашылығын дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеміз және Ақмола облысының дамуына сүбелі үлес қосудамыз.

    Мықты дәстүр қалыптастырған сала ардагерлеріне және әкелері мен аталарының ісін сүйіспеншілікпен жалғастырып келе жатқан жас буын диқандарына айрықша алғысымды білдіремін.

    Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбіт аспан, қолайлы ауа райы және жаңа еңбек жеңістерін тілеймін! Әр жыл мол өнімді болып, еңбектеріңіз әрқашан лайықты бағалансын.

    Мереке құтты болсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары