Атбасар ауданының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    Атбасар ауданы әкiмiнiң аппараты аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшiн қолайлы өмiрлiк жағдай құруда мемлекеттiк саясатты жүргiзуге ықпал ететiн аудан әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң қызметiн ақпараттық -талдаумен және ұйымдық — құқықтық қамтамасыз етуiн жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Атбасар ауданының халқымен кездесуі

    Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары! «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 202 6 жылғы 28 тамыз күні сағат 10.00-д е Атбасар қ. аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Атбасар ауданының халқымен кездесуі өткізіледі. Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады. Ақмола облысы әкімінің аппараты

    28 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Районный Дом культуры
    ОтырысАяқталды

    Қоғамдық тыңдаулар

    Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде сағат 10:00-де Атбасар ауданы әкімдігінің ғимаратында (үлкен мәжіліс залы) Атбасар қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде қоғамдық тыңдаулар өтеді. Барлық мүдделі тұрғындарды қатысуға шақырамыз.

    23 сәуір 2026 ж.Тікелей
    г.Атбасар, акимат Атбасарского района
    ОтырысАяқталды

    "Ашық есік күні" халықпен кездесу

    Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары! 2025 жылғы 12 маусымда сағат 10-00-де аудандық мәдениет үйінің ғимаратында аудан әкімі К. Әлімжанов пен Атбасар ауданының мемлекеттік мекемелерінің басшыларының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өтеді. Акция барысында Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар қоя аласыздар. Жазылу үшін 2-43-05 (аудан әкімдігінің кеңсесі) телефон нөмірі бойынша хабарласуларыңыз қажет.

    12 маусым 2025 ж.Тікелей
    Город Атбасар, районный дом культуры

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар көрсетілетін қызметті алушыларға бюджеттік кредит беріледі ме?

    Жауап

    Берілген құжаттарды қарау кезінде бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен мамандарға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілмейді.

    Сұрақ

    Электрондық еңбек биржасы порталы арқылы қандай қызметтерді алуға болады?

    Жауап

    - Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу - Жұмыссыз ретінде тіркелу - Тұрақты жұмыс таңдау - Қоғамдық жұмыстар - Әлеуметтік жұмыс орындары - Жастар тәжірибесі - Бірінші жұмыс орны - Ұрпақтар келісімшарты -Выплата на случай потери работы.

    Сұрақ

    Көтеру үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    1) көтерме жәрдемақы алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы дипломның көшірмесі; көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы дипломның көшірмесі; көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ; кредиттік бюродан есеп; 3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу кезінде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы дипломның көшірмесі; көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ; кредиттік бюроның есебі. Жеке басты куәландыратын құжаттар, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы(болуы) туралы, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтамалар еңбек қызметі жөніндегі мәліметтер, орта білімнен кейінгі, техникалық білімі бар дипломының болуы туралы мәліметтер, кәсіптік және / немесе жоғары білімді Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Ақпарат

    Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы

    Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес қаулы етеді: Нью-Йоркте 1994 жылғы 16 ақпанда қол қойылған 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы Конвенция ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ(Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.)Кіріспе Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей отырып, Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында және Адам құқықтары туралы халықаралық пактілерде жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып, отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып, баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып, бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс деп санай отырып, баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында және 1959 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта), сондай-ақ балалардың игілігі мәселесімен айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала отырып, Бала құқықтарының декларациясында "бала туылғанға дейін, сондай-ақ туылған соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді" деп көрсетілгенін назарға ала отырып, балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу жөніндегі ("Пекин ережелері") Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларацияның ережелеріне сілтеме жасай отырып, дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып, әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып, төмендегілер туралы келісті: І БӨЛІМ 1-бап Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады. 2-бап 1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді. 2. Қатысушы мемлекеттер баланы кемсітушіліктің немесе баланың, оның ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе отбасының өзге де мүшелерінің мәртебесінің, қызметінің, көзқарасының немесе сенім-нанымдарының негізінде жазалаудың барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды. 3-бап 1. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. 2. Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды. 3. Қатысушы мемлекеттер балалардың қамқорлығына немесе оларды қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар мен органдардың құзыретті органдар белгілеген нормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласында және олардың персоналының саны мен жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін қамтамасыз етеді. 4-бап Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды мүмкіндігінше өздерінде қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қабылдайды. 5-бап Қатысушы мемлекеттер ата-аналардың және тиісті жағдайларда кеңейтілген отбасы немесе қауымдастық мүшелерінің, жергілікті салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың немесе баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес және осы Конвенциямен танылған құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік ететін, бала үшін заң бойынша жауапты басқа да адамдардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін құрметтейді. 6-бап 1. Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екенін таниды. 2. Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді. 7-бап 1. Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы. 2. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы құқықтардың жүзеге асуын және осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға сәйкес, атап айтқанда, егер өзгеше түрде баланың азаматтығы болмаған жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді. 8-бап 1. Қатысушы мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың жеке басының даралығын, бұған азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау құқығын қоса алғанда, оған заңсыз араласуға жол бермей, құрметтеуге міндеттенеді. 2. Егер бала заңсыз түрде өзінің жеке басының даралығының бір бөлігінен немесе барлық элементтерінен айырылса, қатысушы мемлекеттер оған оның жеке басының даралығын тез арада қалпына келтіру үшін қажетті көмек пен қорғауды қамтамасыз етеді. 9-бап 1. Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кез келген іс қарау барысында мүдделі тараптардың бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беріледі. 3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының біреуімен немесе екеуінен де айырылысқан баланың құқығын құрметтейді, тұрақты негізде оның ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастарын және тікелей байланыстарын, бұл баланың ең бір қажетті мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, қолдайды. 4. Бұлай айыру қатысушы мемлекет қабылдаған қандай да бір шешімнен туындайтын жағдайларда, мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған, жер аударылған, депортацияланған немесе ата-анасының біреуінің не болмаса екеуінің де не баланың қайтыс болған кезінде (бұған осы адамның мемлекет қарауында болған кезіндегі кез келген себептен болған өлімді қоса алғанда) болғанда, мұндай қатысушы мемлекет ата-анаға, балаға немесе, егер қажет болса, отбасының басқа да мүшесіне олардың өтініші бойынша отбасы мүшесінің/мүшелерінің қай жерде жүргеніне қатысты қажетті ақпаратты, егер мұндай ақпарат беру баланың әл-ауқатына нұқсан келтірмейтін болса, беретін болады. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініштің өзі тиісті тұлға/тұлғаларға қатысты жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді. 10-бап 1. Қатысушы мемлекеттердің 9-баптың 1-тармағы бойынша міндеттемелеріне сәйкес отбасымен қосылу мақсатында баланың немесе оның ата-анасының қатысушы мемлекетке келуі немесе одан кетуі туралы өтініштерін қатысушы мемлекеттер оң сипатта, адамгершілік тұрғыда және жедел түрде қарауға тиіс. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініш берудің өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелері үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді. 2. Ерекше бір жағдайларды қоспағанда, ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқан бала тұрақты негізде ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастар және тікелей байланыстар орнатуға құқылы. Осы мақсатта және 9-баптың 2-тармағы бойынша қатысушы мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың және оның ата-анасының кез келген елден қоныс аударуы, бұған өз елін қоса алғанда, және өз еліне қайта оралу құқығын құрметтейді. Кез келген елден қоныс аудару құқығына қатысты тек қана заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті (ordre publiс), халықтың денсаулығын немесе рухани ізгілігін не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет және осы Конвенциямен танылған басқа да құқықтармен қатар қолданылатын әрі сәйкес келетін шектеулер ғана қолданыста болады. 11-бап 1. Қатысушы мемлекеттер балалардың шетелге заңсыз жөнелтілуіне және қайтарылмауына қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды. 2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер екі жақты немесе көп жақты келісімдердің жасалуына немесе қолданыстағы келісімдерге қосылуға жәрдемдеседі. 12-бап 1. Қатысушы мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге қабілетті балаға оған қатысты барлық мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін білдіру құқығын қамтамасыз етеді, бұл ретте баланың жасына және өсіп-жетілуіне сәйкес баланың ой-пікіріне тиісті түрде назар аударылады. 2. Осы мақсатпен, атап айтқанда, балаға қатысты кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында не тікелей өзі не болмаса өкілі немесе тиісті орган арқылы ұлттық заңнаманың процессуалдық нормаларымен көзделген тәртіпте оны тыңдау мүмкіндігі беріледі. 13-бап 1. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді. 2. Осы құқықты жүзеге асыру кейбір шектеулерге әкеп соғуы мүмкін, алайда, бұл шектеулер тек заңмен көзделген және: а) басқа да адамдардың құқықтары мен абыройын құрметтеу үшін; немесе ә) мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті (ordre publiс) не болмаса халықтың рухани ізгілігін қорғау үшін қажет шектеулер ғана болуы мүмкін. 14-бап 1. Қатысушы мемлекеттер баланың ойлау, ар-ұждан және дін бостандығына деген құқығын құрметтейді. 2. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының және тиісті жағдайларда заңды қамқоршылардың баланың дамып келе жатқан қабілетіне сәйкес келетін әдісін жүзеге асырудағы балаға басшылық ету құқықтары мен міндеттерін құрметтейді. 3. Өз дінін немесе нанымын уағыздау бостандығы заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың рухани ізгілігі мен денсаулығын қорғау немесе басқа да адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ғана қажетті шектеулерге әкеп соғуы мүмкін. 15-бап 1. Қатысушы мемлекеттер баланың қауымдастыққа бостандық және бейбіт жиналыстарға бостандық құқығын таниды. 2. Осы құқықты жүзеге асыруға қатысты заңға сәйкес және демократиялық қоғамда мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп (ordrepubliс) мүдделерінде қажетті, халықтың денсаулығы немесе рухани ізгілігін сақтау не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қолданылатын шектеулерден басқа қандай да бір шектеулер қолданылмайды. 16-бап 1. Бірде бір бала оның жеке өміріне, отбасылық өміріне, баспанасына қол сұғылмау немесе хат жазысып-алысу құпиясына не болмаса оның ар-намысы мен абыройына заңсыз араласушылықты болдырмау құқығын жүзеге асыруда ерікті түрде немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды. 2. Бала осындай араласу немесе қол сұғушылықтан заңның қорғауына құқылы. 17-бап Қатысушы мемлекеттер бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін таниды және баланың әр түрлі ұлттық және халықаралық материалдар көзіне, әсіресе баланың әлеуметтік, рухани және моралдық тұрғыдағы рухани ізгілігіне, сондай-ақ тән және психикалық жағынан салауатты дамуына жәрдемдесуге бағытталған материал көздеріне деген бостандығын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер: а) бұқаралық ақпарат құралдарының бала үшін әлеуметтік және мәдени тұрғыда және 29-баптың рухында пайдалы ақпараттар мен материалдарды таратуын көтермелейді; ә) әр түрлі мәдени, ұлттық және халықаралық ақпарат көздерінен алынған осындай ақпараттар мен материалдарды даярлау, алмасу және таратуда халықаралық ынтымақтастықты көтермелейді; б) балалар әдебиетін басып шығаруды және таратуды көтермелейді; в) бұқаралық ақпарат құралдарының қайсыбір азшылық тобына немесе жергілікті халыққа тиесілі баланың тілдік қажеттіліктеріне ерекше назар аударуын көтермелейді; г) 13 және 18-баптардың ережелерін ескере отырып, баланың әл- ауқатына залал келтіретін ақпараттардан және материалдардан оны қорғаудың тиісті қағидаттарын әзірлеуді көтермелейді. 18-бап 1. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының екеуінің де баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ортақ және бірдей жауапкершілігін тану қағидаттарын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін күш-жігерлерді қабылдайды. Ата-анасы немесе тиісті жағдайларда заңды қамқоршылары баланың тәрбиесі мен дамуы үшін негізгі жауапкершілікті мойнына алады. Баланың ең қажет мүдделері олардың негізгі қамқорлығының мәні болып табылады. 2. Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру және жәрдемдесу мақсаттарында қатысушы мемлекеттер ата-аналарға және заңды қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі олардың өз міндеттерін орындауына тиісті көмек көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етеді. 3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасы жұмыс істейтін балалардың оларға күтім жасайтын қызмет орындарын және мекемелерді пайдалану құқығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. 19-бап 1. Қатысушы мемлекеттер баланың тәніне жасалатын немесе психологиялық түрдегі зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе теріс қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқ болуынан немесе немқұрайды қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан, ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасаушы басқа адамның нәпсіқұмарлық қиянатынан қорғау мақсатында барлық заңды, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды. 2. Мұндай қорғау шаралары, қажет болған жағдайда, балаға және оған қамқорлық жасаушы адамдарға қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік бағдарламаларды жасау үшін, сондай-ақ жоғарыда аталғандай балаға мейрімсіздік жасалуына байланысты жағдайлардың алдын алу және анықтау, олар туралы хабарлау, істі қарау, тергеу жүргізу, емдеу және кейін қолданылатын шаралардан басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сот рәсімін қозғау үшін тиісті рәсімдерді қамтиды. 20-бап 1. Отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған немесе өзінің ең қажетті мүддесі үшін мұндай ортада қала алмаған бала, мемлекет тарапынан көрсетілетін ерекше қорғау мен көмекті пайдалануға құқылы. 2. Қатысушы мемлекеттер осындай баланың күтімін алмастыруды өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді. 3. Бұл күтім, ішінара, баланы біреудің тәрбиесіне беруді, ислам заңы бойынша "кафала", асырап алуды, немесе қажет болған жағдайда, балаларға күтім көрсететін тиісті мекемелерге орналастыруды қамтуы мүмкін. Күтімді алмастыру түрлерін қарастырған кезде баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын қалауы және оның этникалық тегі, дінге, мәдениетке қатысы және ана тілі тиісті түрде ескерілуге тиіс. 21-бап Бала асырап алу жүйесі болуын мойындайтын және/немесе оған рұқсат беретін қатысушы мемлекеттер баланың ең қажетті мүдделері бәрінен бұрын ескеріліп отыруын қамтамасыз етеді және олар: а) бала асырап алудың – қолданылатын заңдар мен рәсімдерге сәйкес және баланың ата-анасы мен заңды қамқоршыларына қатысты мәртебесіне, сондай-ақ, егер қажет болса, мүдделі адамдар қажет болуы мүмкін болатындай консультациялар өткізу негізінде бала асырап алуға өздерінің саналы түрдегі келісімін беруіне байланысты барлық іске қатысты және сенімді ақпараттар негізінде бала асырап алу мүмкін болатынын анықтайтын құзыретті өкіметтің рұқсатымен ғана жүргізілуін қамтамасыз етеді; ә) егер баланы туған елінде біреудің тәрбиесіне беру немесе оны тәрбиелеуді немесе асырап алуды қамтамасыз ететін отбасына орналастыру және лайықты күтімді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, онда баланы басқа елге асырап алуға беруді-балаға күтім берудің баламалы тәсілі ретінде қабылдауға болады деп таниды; б) өз еліндегі асырап алуға қатысты қолданылатын кепілдіктер мен нормалардың бала басқа елге асырап алуға берілген жағдайда да дәл солай қолданылуын қамтамасыз етеді; в) бала өзге бір елде асырап алынған күнде, орналастыруға байланысты адамдардың ақталмаған қаржылық пайда табуына әкеліп соқпауын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қолданылады; г) қажетті жағдайларда, екі жақты және көп жақты уағдаластықтар мен келісімдер жасасу жолымен осы баптың мақсаттарына жетуге жәрдемдеседі және осының негізінде баланы басқа елге орналастыруды құзыретті өкіметтер немесе органдардың жүзеге асыруын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды. 22-бап 1. Қатысушы мемлекеттер, босқын дәрежесіне ие болғысы келген немесе қолданылып жүрген халықаралық немесе ішкі құқық және рәсімдерге сәйкес босқын болып саналатын балаға, мейлі оны ата-анасы немесе кез келген басқа адам ертіп жүрсе де, немесе оларсыз жүрсе де, осы Конвенцияда және адам құқығы жөніндегі халықаралық басқа да құжаттарда немесе гуманитарлық құжаттарда баян етілген құқықтарды пайдалануда осы құжаттарға қатысушы болып табылатын аталған мемлекеттер тиісті қорғау және гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолданады. 2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, өздері қажет деп санаған жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының және Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтас құзыретті үкіметаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, мұндай баланы қорғау жөніндегі, оның және кез келген босқын баланың ата-анасын немесе отбасының басқа мүшелерін іздеп табуына, сөйтіп өз отбасымен табысуы үшін қажетті ақпараттарды алуына жәрдемдесу жөніндегі кез келген күш-жігеріне жәрдем көрсетеді. Ата-анасы немесе отбасының басқа да мүшелері табылмаған жағдайда, бұл балаға да осы Конвенцияда қарастырылғандай, әлде бір себеппен өз отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған басқа балаларға көрсетілгендей қорғау көрсетіледі. 23-бап 1. Қатысушы мемлекеттер ақыл-есі немесе денсаулығына қатысты жарымжан бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз етіп, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруі қажет екенін мойындайды. 2. Қатысушы мемлекеттер жарымжан баланың ерекше қамқорлыққа құқылы екенін мойындап, жәрдем сұрап өтініш берген жағдайда және де, егер баланың денсаулығы мен ата-анасы немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың жағдайы өтінішке сәйкес болған күнде бала мен оның қамқоршысына ресурс мүмкіндіктеріне қарай, жәрдем беруді қолдап, қамтамасыз етеді. 3. Жарымжан баланың ерекше мұқтаждығы танылып, осы баптың 2-ші тармағына сәйкес, көмек ата-анасының немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың қаржылық ресурстары ескеріліп, мүмкін болғанынша, тегін беріледі және жарымжан баланың білім беру, кәсіби даярлық, медициналық қызмет, денсаулығын қалпына келтіру, еңбек етуге дайындау салаларындағы қызмет көрсетулерге қолы жетуін және баланы мүмкіндігінше, толық, әлеуметтік өмірге тартуға, рухани және мәдени дамуын қамти отырып, тұлғалық іріленуіне септігін тигізетіндей демалу құралдарына қолын жеткізуді мақсат етеді. 4. Қатысушы мемлекеттер халықаралық ынтымақтастық рухында профилактикалық денсаулық сақтау және медицина саласында, жарымжан балаларды психологиялық және функционалды емдеу саласына қатысты ақпараттармен алмасуға, соның ішінде, қатысушы мемлекеттердің осы саладағы мүмкіндіктері мен білімін жақсартып, тәжірибесін кеңейту үшін реабилитация, жалпы білім беру және кәсіби даярлық тәсілдері жөніндегі ақпараттарды таратуға және оған қол жеткізуіне ықпал етеді. Осыған байланысты дамушы елдердің сұранысына ерекше көңіл аударылуға тиіс. 24-бап 1. Қатысушы мемлекеттер баланың неғұрлым жетілдірілген денсаулық сақтау жүйелері қызметімен, науқастарынан емдеу мен денсаулығын қалпына келтіру құралдарымен пайдалану құқығын мойындайды. Қатысушы мемлекеттер бірде-бір бала медицина жүйесінің мұндай қызметіне қол жеткізу құқығынан айырылып қалмауын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды. 2. Қатысушы мемлекеттер осы құқықтың толық жүзеге асуына қол жеткізуге күш салады, соның ішінде: а) нәрестелердің шетінеуі мен бала өлімінің деңгейін төмендету; ә) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға баса көңіл аудара отырып, қажетті медициналық жәрдем көрсетуді және барлық балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету; б) дертке және ашқұрсақтыққа қарсы күрес, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде, қоршаған ортаның ластану қаупі мен қатерін ескере отырып, оңай қол жететін технологияны пайдалану жолымен барынша құнарлы тағамдарымен және таза ас суымен қамтамасыз ету; в) бала туғанға және босанғаннан кейінгі кезеңдерде аналардың денсаулығын сақтау жөнінде тиісті қызмет көрсету; г) қоғамның барлық топтары, соның ішінде ата-аналар мен балалардың, баланың денсаулығы мен тамақтануы, баланы ана сүтімен емізіп асыраудың артықшылығы, баланы қоршаған ортаның гигиенасы мен тазалығы және келеңсіз оқиғалардан сақтандыру жайлы хабардар болуын, сондай-ақ білім алуға қол жеткізуін және осындай білімді пайдалануына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету; д) профилактикалық медициналық көмек және отбасы мөлшерін жоспарлау саласындағы ағарту жұмыстары мен қызмет көрсетулерді дамыту. 3. Қатысушы мемлекеттер баланың денсаулығына теріс ықпал ететін дәстүрлі ем тәжірибесін жою мақсатында кез келген тиімді және қажетті шараларды қабылдайды. 4. Қатысушы мемлекеттер осы бапта танылған құқықты толық жүзеге асыруға бірте-бірте қол жеткізу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға және оны дамытуға міндеттенеді. 25-бап Қатысушы мемлекеттер құзыретті органдар күтім жасау мақсатында біреудің қамқорлығына берген баланың құқығын мойындайды, оны қорғау немесе денсаулығы немесе психикалық емдеу, балаға берілетін кезендік емдеу бағасы, басқа да балаға қамқорлық жасауға байланысты шарттар туралы құқықты мойындайды. 26-бап 1. Қатысушы мемлекеттер әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әрбір баланың әлеуметтік қамтамасыз ету игіліктерін пайдалану құқығын таниды және бұл құқықты толық жүзеге асыруға қол жеткізу үшін ұлттық заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылдайды. 2. Бұл игіліктер қажеттігіне қарай баланың және баланы бағуға жауапты адамдардың қолда бар ресурстары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ баланың өзі немесе оның атынан игіліктерді алуға байланысты кез келген әрекеттің мүмкіндіктері ескеріліп беріледі. 27-бап 1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды. 2. Баланы тәрбиелеуші ата-ана (лар) немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады. 3. Қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға және өз мүмкіндік шегінде баланы тәрбиелеп отырған ата-ана мен басқа да адамдарға осы құқықты жүзеге асыруға жәрдем көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда, материалдық жәрдем көрсетіп, түрлі бағдарламаларды, әсіресе тамақтандыру, киім және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды қолдайды. 4. Қатысушы мемлекеттер – қатысушы мемлекеттің өз ішінде де, сондай-ақ шетелде де, бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар ата-ана немесе басқа адамдардың баланы бағуды қалпына келтіруін қамтамасыз етуі үшін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Соның ішінде, егер бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар адам мен бала әр мемлекетте тұрып жатса, қатысушы мемлекеттер халықаралық келісімдерге қосылуға немесе осындай келісімдерді жасасуға, сондай-ақ тиісті басқа да уағдаластықтарға қол жеткізуге ықпал етеді. 28-бап 1. Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл құқықты жүзеге асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда: а) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу; ә) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді және тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда, қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды; б) әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді; в) білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен материалдарға барлық баланың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді; г) оқушылардың мектепке тұрақты баруы мен мектепті тастап кетуші оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды. 2. Қатысушы мемлекеттер мектептегі тәртіп баланың адамдық қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы Конвенцияға сәйкес орнықтырылуын қамтамасыз ететін шаралардың бәрін қолданады. 3. Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандық пен сауатсыздықты жоюға және ғылыми техникалық білімге және қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне қол жеткізуді жеңілдету мақсатындағы мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады. 29-бап 1. Қатысушы мемлекеттер білім беру баланың: а) жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға; ә) адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарды құрметтеуге; б) ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуға; в) баланы еркін қоғамдағы саналы өмірге түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, әйел мен ер-азаматтардың құқықтық теңдігі және барлық халықтар, этникалық, ұлттық және діни топтар арасындағы достастық, сондай-ақ жергілікті халықтың өкілдерімен достықта болу рухында дайындауға; г) қоршаған табиғатты аялауға бағыт беруге тиіс екендігімен келіседі. 2. Осы баптың немесе 28-ші баптың ешбір бөлімі, жеке адамдар мен органдардың, осы баптың 1-ші тармағында баян етілген қағидаттар тұрақты сақталған жағдайда, білім беру орындарын құру және басқару еркіндігін шектеу және мұндай оқу орындарында білім беру талаптары мемлекет тарапынан белгіленуге тиісті ең төменгі нормалардың талаптарымен сәйкес болуын орындамау деп пайымдалуы тиіс емес. 30-бап Этникалық, діни немесе тілі жөнінен немесе жергілікті халық адамдары жөнінен азшылық болған мемлекеттерде, сондай-ақ азшылық топқа немесе жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтынып, оның салт-жораларын ұстану және ана тілінде сөйлеу құқығынан айырылмауға тиіс. 31-бап 1. Қатысушы мемлекеттер баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар екенін мойындайды. 2. Қатысушы мемлекеттер әр баланың мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығын құрметтеп қолдайды және оның мәдени шығармашылық қызметімен айналасуына, тынығуына, мәдени демалуына тиесілі және тең дәрежелі мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі. 32-бап 1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың экономикалық қанаудан, оның денсаулығына қауіп төндіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін немесе денсаулығына зиян, дене бітімінің, ақыл-есінің жетілуіне, рухани және моральдық, әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіретін кез келген жұмыстардан қорғалуға құқығы бар екенін мойындайды. 2. Қатысушы мемлекеттер осы бапты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін заң шығарушылық, әкімшілік және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ білім беру саласында шаралар қолданады. Осы мақсатта басқа хаылқаралық құжаттардың тиісті ережелеріне сүйене отырып, қатысушы мемлекеттер ішінара: а) жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жас мөлшерін немесе ең төменгі жастары мөлшерін; ә) жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек ету жағдайына қажетті талаптарды анықтайды; б) осы баптың тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін жазаның тиісті түрін немесе басқа да санкцияларды қарастырады. 33-бап Қатысушы мемлекеттер балаларды тиісті халықаралық шарттарда белгіленгендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз қабылдаудан қорғау, сондай-ақ осындай заңға қарсы заттарды өндіруге және олардың саудасына балаларды пайдалануға жол бермеу үшін тиісті заң шығарушылық, әкімшілік, әлеуметтік шараларды, сондай-ақ, білім беру саласындағы шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды. 34-бап Қатысушы мемлекеттер баланы нәпсіқұмарлық қанаудың және нәпсіқұмарлық азғырудың барлық түрінен қорғауға міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, ішінара: а) баланы кез келген нәпсіқұмарлық қатынастарға көндіруге немесе мәжбүр етуге; ә) бала еңбегін жезөкшелік немесе басқа да заңсыз нәпсіқұмарлық тәжірибесіне қанап пайдалану мақсатына; б) бала еңбегін порнография мен порнографиялық басылымдарда қанап пайдалану мақсаттарына жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде барлық қажетті шараларды қабылдайды. 35-бап Қатысушы мемлекеттер балаларды ұрлау, бала саудасына немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау әрекеттеріне жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде шаралар қолданады. 36-бап Қатысшы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғайды. 37-бап Қатысушы мемлекеттер: а) ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе жазаланбауын; 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы да, түрмеге өмірлік қамауға алу да, босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазалар да тағайындалмауын қамтамасыз етеді; ә) ешбір баланың бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмалуын қамтамасыз етеді. Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, неғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді; б) бас бостандығынан айырылған әр бала өз жасындағылардан талап етулері ескеріле отырып, өз жеке басының ажырамас қадір-қасиеті ретінде адамгершілікті көзқарасты және құрметтеуді пайдаланады. Соның ішінде, бас бостандығынан айырылған бала ересектерден бөлек ұсталуға тиіс, алайда, ішінара оның ең қажетті мүддесі ескеріліп, септігін тигізер деген ниетпен ғана ересектермен бірге ұсталуы мүмкін, сондай-ақ ерекше жағдай туындамаса өз отбасымен хат жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқығын қамтамасыз етеді; в) бас бостандығынан айырылған баланың еш кідіріссіз құқықтық және басқа да тиісті көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ сот немесе басқа да құзыретті, тәуелсіз және әділетті органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу заңдығына дауласуға құқығын және де олар осындай кез келген іс жүргізу әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай қабылдауларын талап ету құқығын қамтамасыз етеді. 38-бап 1. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде қолданылатын балаларға қатысты халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеп, олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. 2. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың бәрін қабылдайды. 3. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған кез келген баланы өзінің қарулы күштер құрамына шақырмау негіздерін ұстанады. Жасы 15-ке толған, бірақ әлі 18-ге толмаған балаларды әскерге тарту кезінде, қатысушы мемлекеттер олардың ішінен көбіне ересектеулерін алуға тырысады. 4. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде бұқара халыққа қорғау көрсетуге байланысты халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз міндеттемелеріне орай, қарулы қақтығысқа ұшыраған балаларды қорғау мақсатында оларға қамқорлық пен күтім көрсетудін барлық қажетті шараларын қабылдайды. 39-бап Қатысушы мемлекеттер кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен қанаудың, азаптаудың немесе қадір-қасиетті қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірлеудің немесе жазалаудың, сондай-ақ қарулы қақтығыстың құрбаны болған баланың жан-тәні мен психологиясын сауықтыруға, оның әлеуметтік реинтеграциялануына септігін тигізетін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Мұндай сауықтыру мен реинтеграция баланың денсаулығын, өзіне деген құрметті, қадір-қасиетін қамтамасыз ететін жағдайда жүзеге асырылуға тиіс. 40-бап 1. Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған, заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған әрбір баланың жас шамасы, оның реинтеграциялануға және қоғамда пайдалы рөл атқаруға ниеті ескеріліп, жеке басының қадір-қасиеттілгі мен маңыздылығына сенім тудыратын, басқа адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыратын қатынасқа құқығы бар екендігін мойындайды. 2. Осы мақсатта және тиісті халықаралық құжаттардың ережелерін назарға ала отырып, қатысушы мемлекеттер, ішінара: а) жасаған іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің негізінде, егер оларға қылмыс жасалған кезде ұлттық немесе халықаралық құқық бойынша тыйым салынбаған болса, онда ешбір баланың қылмыстық заңды бұзды деп саналмауын, заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталмауын немесе танылмауын қамтамасыз етеді; ә) қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған әрбір балаға кем дегенде төмендегідей кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді: i) кінәсі заң бойынша дәлелденгенге дейін кінәсіздік презумпциясы; ii) оған қарсы тағылған айып жөнінде жедел түрде және тікелей өзі немесе қажет болған жағдайда ата-аналары не болмаса заңды қамқоршылары арқылы хабардар болуына және өзін қорғау жұмыстарына дайындық жүргізіп, оларды жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да қажет көмекке ие болуы; iii) қаралып жатқан мәселе бойынша құзыретті, тәуелсіз және әділ орган немесе сот органы, заңға сәйкес қорғаушының немесе басқа тиісті адамның, егер бұл баланың жағдайы мен жас мөлшері ескеріліп, баланың қажетті мүддесімен қарама-қайшы келмейтін болса, ата-анасы немесе заңды қамқоршыларының қатысуымен өткен тыңдау кезінде кідіртпей шешім қабылдауы; iv) куәгерлік жауаптар беруге немесе өзін-өзі кінәлі деп мойындауға мәжбүр етілмеу бостандығын; айыптаушы куәгердің берген жауаптарымен жеке өзі немесе басқа адамдардын көмегімен зерделеуі, қорғау куәгерлерінің тең дәрежеде қатысуы қамтамасыз етіліп, олар берген жауаптарды зерделеуі; v) егер бала қылмыстық заңды бұзды деп саналған болса, осыған орай қабылданған тиісті шешім мен қолданған кез келген шараларды, заң бойынша бір саты жоғары тұрған құзыретті, тәуелсіз және әділ сот органының қайта қарауы; vi) егер бала, сот жұмысын атқаруда пайдаланылатын тілді түсінбесе немесе сол тілде сөйлей алмаса тілмаштың көмегін ақысыз пайдалануы; vii) сотта істі қараудың қай сатысында болса да оның жеке басының өміріне құрметпен қарау. 3. Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе қылмыстық заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған балаларға тікелей қатысы бар заңдар мен рәсімдердің белгіленуіне, органдар мен мекемелердің құрылуына жәрдем көрсетуге тырысады, соның ішінде: а) балалардың ең төменгі, қылмыстық заңды бұзуға қабілетсіз деп саналатын жас мөлшері белгіленуі; ә) қажет болған және қалаған жағдайда, мұндай балалар жөнінде істі соттың қарауына жібермей, адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктерді шартты түрде толық сақтай отырып, осындай балалардың өтініштері бойынша шаралар қолданылуы. 4. Балаға белгілі мекемелерде көрсетілетін күтімді ауыстыратын, әл-ауқатына жағдайы мен жасаған қылмысына сәйкес қарауды қамтамасыз ету – әр түрлі жұмыс жүргізіліп, шаралар қолданылуын, мысалы, күтім мен қамқорлық көрсету, қадағалау жүргізу жөнінде ережелердің, кеңес беру қызметінің болуын, сынау мерзімі тағайындалуын, тәрбиелеу жұмыстарының оқыту және кәсіби дайындық беру бағдарламаларының болуын қажет етеді. 41-бап Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор үлес қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар: а) қатысушы мемлекеттердің заңының; немесе ә) осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық құқық нормаларының құрамында бола алады. ІІ БӨЛІМ 42-бап Қатысушы мемлекеттер тиісті және пәрменді құралдарды пайдалана отырып, Конвенцияның қағидаттары мен ережелері жөнінде ересектерді, сондай-ақ балаларды да, кеңінен таныстырып, хабардар етіп отыруға міндеттенеді. 43-бап 1. Осы қабылданған Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерін орындаудағы қол жеткен жетістіктерін қарау мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитет құрылып, ол төмендегі көзделетін функцияларды орындайды. 2. Комитет жоғары адамгершілік қасиеттерімен және осы Конвенция қамтитын саладағы біліктілігімен жұртқа танылған он сарапшыдан тұрады. Комитет мүшелерін қатысушы мемлекеттер өз азаматтары қатарынан сайлайды және жекелей түрде қатысады, сонымен қатар географиялық әділ бөлінуіне, сондай-ақ басты құқықтық жүйелерге көңіл бөлінеді. 3. Комитет мүшелері қатысушы мемлекеттер ұсынған адамдар тізіміне енгізілгендер қатарынан жасырын дауыспен сайланады. Әрбір қатысушы мемлекет өз азаматтары қатарынан бір адамды ұсына алады. 4. Комитеттің алғашқы сайлауы осы Конвенция күшіне ену күнінен алты айдан кешіктірмей өткізіледі, бұдан сон-екі жылда бір рет өтеді. Тіпті болмағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбір сайлау күнінен төрт ай бұрын қатысушы мемлекеттерге екі ай ішінде өз кандидатураларын ұсыну жөнінде хат жолдайды. Бұдан соң Бас хатшы қатысушы мемлекеттерді көрсете отырып, олардың ұсынған адамдарын алфавиттік тәртіппен тізімдей отырып, бұл тізімді осы Конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне тапсырады. 5. Сайлау Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Бас Хатшының шақыруымен болатын қатысушы мемлекеттердің отырыстарында жүргізіледі. Қатысушы мемлекеттердің үштен екісінің қатысуы кворум болып саналатын осындай отырыстарда, ең көп дауыс алған және қатысып отырғандар санының абсолюттік көпшілік дауысын және дауыс беруге қатыстырылған қатысушы мемлекеттер өкілдері санының басым көпшілік дауысын алған кандидат, Комитет құрамына сайланған болып табылады. 6. Комитет мүшелері төртжылдық мерзімге сайланады. Кандидатуралары екінші рет қайта ұсынылған жағдайда, олардың қайта сайлануға құқығы бар. Бірінші сайлауда сайланған бес мүшенің өкілеттік мерзімі екі жылдық кезеңнің аяғында аяқталады; осы бес мүшенің аты-жөнін бірінші сайлаудан кейін, дереу жеребе арқылы отырыстың Төрағасы анықтайды. 7. Комитеттің қайсыбір мүшесі қайтыс болған немесе жұмысты тастап демалысқа шыққан жағдайда, я болмаса ер немесе әйел адам қандай да бір өзге себеппен Комитет мүшесінің міндеттерін одан әрі орындай алмайтын болса, оны ұсынған қатысушы мемлекет қалған мерзімге Комитет құптаған жағдайында, өз азаматтарының ішінен, басқа сарапшыны тағайындайды. 8. Комитет өзінің меншікті рәсім ережелерін белгілейді. 9. Комитет өзінің лауазымды тұлғаларын екі жылдық мерзімге сайлайды. 10. Комитет сессиялары, әдетінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде, немесе Комитет белгілеген басқа ыңғайлы жерде өтеді. Әдетінше Комитет сессияларын жыл сайын өткізеді. Комитет сессиясының ұзақтығы анықталады және ол қажет деп табылған жағдайда Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің кеңесінде Бас Ассамблея құп көрсе қайта қаралады. 11. Комитет өз жұмысын осы Конвенцияға сәйкес тиімді түрде жүзеге асыруы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы қажетті персонал бөліп, материалдық қаражат беріп отырады. 12. Осы Конвенцияға сай тағайындалған Комитет мүшелері, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы белгілеген ретпен және шарт бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының қорынан берілетін, Бас Ассамблея бекіткен сыйақы алады. 44-бап 1. Қатысушы мемлекеттер Конвенцияда танылған құқықтардың бекітілуін қалыптастыру бойынша қадағаланған шаралары және осы құқықтарды жүзеге асыру барысында қол жеткізген прогресс туралы баяндамаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы арқылы Комитетке: а) тиісті қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін екі жыл бойы; ә) бұдан кейінгі уақытта, әр бес жыл сайын тапсырып отыруға міндеттенеді. 2. Осы бапқа сәйкес тапсырылатын баяндамаларда осы Конвенция бойынша міндеттерін орындау дәрежесіне ықпал ететін, әрине егер де олар бар болса, факторлар мен қиындықтар сөз етіледі. Сондай-ақ баяндамаларда Комитет сол елде Конвенцияның іске асып жатқандығын толығымен түсіндіруді қамтамасыз ететін жеткілікті ақпарат болуы тиіс. 3. Жан-жақты ең алғашқы баяндамасын Комитетке тапсырған қатысушы мемлекетке осы баптың 1"ә" тармағы бойынша кейін тапсыратын баяндамаларында, ертерек сөз болған негізгі ақпаратты қайталаудың қажеті жоқ. 4. Комитет қатысушы мемлекеттерден осы Конвенцияның жүзеге асуына қатысты қосымша ақпаратты сұрата алады. Мәдениет мәселесі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) және ЮНИСЕФ, Комитет мәжілісіне қатысуға мүмкіндіктері бар. Олар "құзырлы" деп танылған кез келген басқа ұйымдармен, сондай-ақ БҰҰ жанында өзінің ақыл-кеңестік мәртебесі бар үкіметтік емес ұйымдармен (НПО) және олардың БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Бас комиссары Басқармасы сияқты органдарымен қосыла отырып Комитетке қажетті мәліметтерді ұсынуы және өз кезегінде Комитеттен Конвенцияның тиімді орындалуына қатысты арнайы сұрау алуы мүмкін. 5. Комитеттің қызметі туралы баяндамалар екі жылда бір Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы Бас Ассамблеяға тапсырылады. 6. Қатысушы мемлекеттер өз елдерінде баяндамаларының кеңінен жариялы болуын қамтамасыз етеді. 45-бап Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асуына жәрдем етіп және осы Конвенция қамтитын саладағы халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу мақсатында: а) мамандандырылған мекемелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа ұйымдары - өз өкілеттілігінің аясына кіретін, осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру мәселесі қаралғанда оған қатысып отыруға хақысы бар. Комитет өзінің тиісті өкілеттілігі аясындағы салаларда ғана Конвенцияның жүзеге асуына қатысты сарапшылардың қорытындысын өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға бере алады. Комитет, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да БҰҰ ұйымдарын өзінің қызмет аясына кіретін салаларда Конвенцияның жүзеге асуы жайлы баяндамаларды бере алады; ә) Комитет, өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, техникалық кеңес немесе көмек немесе осындай көмекке мұқтаждық бары көрсетілген, сондай-ақ осы сияқты өтініштер мен нұсқауларға қатысты Комитеттің ескертпелері мен ұсыныстары бар болса сол ескертпелері мен ұсыныстары енген қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға жібереді. б) Комитет, Бас Ассамблеяға, бала құқықтарына қатысты жеке мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын өзінің атынан Бас Хатшының жүргізуін сұрап ұсыныс жасай алады. в) Комитет, осы Конвенцияның 44 және 45-баптарына сай алынатын ақпараттарға негізделген жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар бере алады. Осы сияқты жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар кез келген мүдделі қатысушы мемлекетке жіберіліп, егер бар бола қалған жағдайда қатысушы мемлекеттердің ескертпелерін оған қоса Бас Ассамблеяға хабарлайды. ІІІ БӨЛІМ 46-бап Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қол қою үшін ашық. 47-бап Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады. 48-бап Осы Конвенция кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады. 49-бап 1. Осы Конвенция, жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе қосылу туралы құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді. 2. Жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе осы Конвенцияға қосылу туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейін оны ратификациялайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін осы Конвенция олардың өздерінің ратификациялық грамотасы немесе қосылу туралы құжаты сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді. 50-бап 1. Кез келген қатысушы мемлекет өзгерту ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсыра алады. Одан кейін Бас хатшы осы ұсыныстарды қарау және оларды дауысқа салу мақсатымен қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыру қажеттігі жөнінде көзқарастарын білдіруді өтіне отырып, ұсынылған түзетуді қатысушы мемлекеттерге жолдайды. Осы хабар тараған күннен бастап, төрт ай аралығында осындай конференцияның шақырылуын қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен бірі қолдаса, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында өткізеді. Конференцияға қатысып, дауыс берген қатысушы мемлекеттердің көпшілігі қабылдаған кез келген түзету Бас Ассамблеяға бекітуге тапсырылады. 2. Осы баптың 1-тармағына сай қабылданған түзету, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітуі бойынша қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен екісінің көпшілігі қабылдағаннан кейін күшіне енеді. 3. Түзету, күшіне енгеннен кейін, оны қабылдаған мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін өздері бұрын қабылдаған кез келген түзетулер мен осы Конвенцияның ережелері міндетті болып қала береді. 51-бап 1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ратификациялау немесе қосылу кезінде мемлекеттер жіберген ескертпелер мәтінін жинап, басқа барлық мемлекеттерге жібереді. 2. Осы Конвенцияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін ескертпеге жол берілмейді. 3. Ескертпелер кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберілген тиісті хабарлама арқылы алынып тасталына алады. Бас хатшы бұл жөнінде кейін барлық мемлекеттерді хабардар етеді. Мұндай хабарлама, оны Бас хатшы алған күннен бастап күшіне енеді. 52-бап Кез келген қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберген жазбаша хабарламасы арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады.Күшін жою Бас хатшының хабарламаны алғанынан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді. 53-бап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның депозитарийі болып тағайындалады. 54-бап Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтінінің мағынасы бірдей осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады. Осыны куәландыру үшін, төменде қолдарын қойған өкілетті өкілдер өздерінің тиісті үкіметтері атынан қажетті түрде алған уәкілеттіктеріне сай осы Конвенцияға қолдарын қойды. © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы

    Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздығы № 253-IV Заңы 1993 жылғы 29 мамырда Гаагада қабылданған Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатыстыынтымақтастық туралы конвенция(2010 жылғы 1 қарашада күшіне енді -Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,2010 ж., N 6, 63-құжат) Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер, оның өзі немесе жеке басының толыққанды әрі үйлесімді дамуы үшін балаға отбасы ортасында бақыт, махаббат пен түсіністік ахуалында өсуі қажет екенін тани отырып, бала өзінің отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін әрбір мемлекет басым міндет ретінде қабылдауы тиіс екенін еске сала отырып, егер шығу тегі елінде оған лайықты отбасы табу мүмкін болмаса, шетелдік бала асырап алу тұрақты отбасы болуымен байланысты артықшылықты балаға ұсынатынын тани отырып, баланың мүдделерін неғұрлым жақсы қамтамасыз етуді әрі оның негізгі құқықтарын құрметтеуді ескере отырып және баланы ұрлау, сату немесе оны саудаға салуды болдырмау үшін баланы шетелдік асырауды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне кәміл сене отырып, осы мақсатқа арналған жалпы ережелерді қабылдауға ниеттене отырып, халықаралық құжаттарда, атап айтқанда 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясында, БҰҰ-ның Балаларды қорғау мен олардың жай-күйіне қатысты әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы декларациясында және әсіресе, 1986 жылғы 3 желтоқсандағы ұлттық және халықаралық деңгейде бала тәрбиелеу және оны асырап алу туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 41/85 қарарында айтылған принциптерді назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті: Iтарау. КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ 1-бап Осы Конвенцияның мақсаттары мыналар болып табылады: а) баланы шетелдік асырап алуды баланың мүдделерін неғұрлым жақсы қамтамасыз етуді әрі халықаралық құқық таныған оның негізгі құқықтары сақтала отырып, жүзеге асырудың кепілдіктерін жасау; b) осындай кепілдіктердің пәрменділігін қамтамасыз ету және осы арқылы баланы ұрлау, сату немесе оны саудаға салуды болдырмау үшін Уағдаласушы мемлекеттер арасында ынтымақтастық жасау жүйесін құру; c) Уағдаласушы мемлекеттерде Конвенцияға сәйкес жасалған бала асырап алудың танылуын қамтамасыз ету. 2-бап 1. Уағдаласушы мемлекеттің («шығу тегі мемлекеті») бірінде тұрақты тұрып жатқан бала басқа Уағдаласушы мемлекетке («қабылдаушы мемлекет») көшіп кетсе, көшіп жатса немесе көшуі тиіс болса не шығу тегі мемлекетінде оны әдетте қабылдаушы мемлекетте тұрып жатқан ерлі-зайыптылар немесе адам асырап алғаннан кейін не қабылдаушы мемлекетте немесе шығу тегі мемлекетінде осындай асырап алу мақсатында Конвенция қолданылады. 2. Конвенция ата-ана мен бала арасында тұрақты байланыс орын алған бала асырап алуға ғана қолданылады. 3-бап Егер 17-баптың «с» тармағында аталған келісім, бала он сегіз жасқа толғанға дейін берілмесе, Конвенция қолданудан қалады. IIтарау. БАЛАНЫ ШЕТЕЛДІК АСЫРАП АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАЛАПТАР 4-бап Егер шығу тегі мемлекетіндегі құзыретті билік орындары: а) баланы асырап алуға болатынын анықтаса; b) шығу тегі мемлекетінде баланы орналастыру мүмкіндігін тиісінше қарағаннан кейін баланы шетелдік асырап алу баланың мүдделеріне неғұрлым жақсы түрде сай келеді деп анықтаса; с) мыналарға: 1) бала асырап алу үшін олардың келісімі қажет тұлғалар, мекемелер мен билік орындары олардың келісімінің салдарлары туралы, атап айтқанда бала асырап алу бала мен ол шыққан отбасы арасында құқықтық байланыстың тоқтатылуына әкеп соғатынына немесе әкеп соқпайтынына қатысты тиісті түрде консультация алғанына және хабардар етілгеніне, 2) осындай тұлғалар, мекемелер мен билік орындары өз келісімін ерікті түрде талап етілген заңдық нысанда білдіріп немесе жазбаша түрде берілгеніне, 3) келісім сыйақы немесе қандай да бір түрдегі өтемақы үшін берілгеніне әрі кері қайтып алынбағанына және 4) талап етілген жерде бала туғаннан кейін анасының келісімі берілгеніне көзі жеткен болса; b) баланың жас мөлшері мен естиярлығын ескере отырып, мыналарға: 1) баламен кеңессе әрі оны асырап алудың салдарлары туралы және егер ондай келісім талап етілсе, асырап алуға оның келісімі қажеттігі туралы хабардар етілгеніне, 2) баланың тілегі мен пікірі назарға алынғанына, 3) егер осындай келісім талап етілсе, баланың асырап алуға келісімі ерікті түрде алынғанына, тиісті заңдық нысанда білдірілгеніне немесе жазбаша түрде берілгеніне және 4) осындай келісім сыйақы немесе қандай да бір түрдегі өтемақы үшін берілмегеніне көз жеткізген жағдайларда Конвенцияның мәні бойынша бала асырап алу орын алады. 5-бап Егер қабылдаушы мемлекеттің құзыретті билік орындары: a) болжамды асыраушы ата-ана бала асырап алуға құқылы әрі лайықты екенін анықтаса; b) болжамды асыраушы ата-ана қажетті мөлшерде консультация алуы қамтамасыз етілген; және c) балаға осы мемлекетке кіруге әрі онда тұрақты тұруға рұқсат етілсе немесе рұқсат етілетіні анықталған жағдайларда Конвенцияның мәні бойынша бала асырап алу орын алады. IIIтарау. ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР ЖӘНЕ УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМДАР 6-бап 1. Уағдаласушы мемлекет Конвенцияға сәйкес осындай органдарға жүктелген міндеттерді орындау үшін орталық органды тағайындайды. 2. Федералдық мемлекеттер, біреуден артық құқық жүйесі бар мемлекеттер немесе автономдық аумақтық бірліктері бар мемлекеттер біреуден көп орталық органды тағайындай алады және олардың аумақтарын немесе функцияларының жеке көлемін нақтылай алады. Мемлекет біреуден көп орталық органды тағайындаған жерде ол осы мемлекет шегінде тиісті орталық органға беру үшін оған кез келген хабарлама жолдануы мүмкін орталық органды көрсетеді. 7-бап 1. Орталық органдар балаларды қорғау саласында және Конвенцияның басқа да мақсаттарына қол жеткізу үшін бір-бірімен ынтымақтастық жасайды және өз мемлекеттеріндегі құзыретті билік орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытады. 2. Олар: a) бала асырап алуға қатысты өз мемлекеттерінің заңдарына қатысты ақпаратты және статистика мен стандартты нысандар сияқты басқа да жалпы ақпаратты ұсынуға; b) бір-бірін Конвенцияның қолданылуы туралы хабардар етуге және мүмкіндігіне қарай оны қолдану үшін барлық кедергілерді жоюға барлық тиісті шараларды тікелей қабылдайды. 8-бап Орталық органдар немесе мемлекеттік билік орындары арқылы бала асырап алуға байланысты қаржылық немесе басқа да пайда табуды болдырмау және Конвенция мақсаттарына қайшы келетін кез келген практиканы болдырмау үшін барлық тиісті шараларды тікелей өздері қабылдайды. 9-бап Орталық органдар тікелей өздері немесе мемлекеттік билік орындары немесе өз мемлекетінде тиісті түрде уәкілеттік алған басқа да ұйымдар арқылы, атап айтқанда: a) баланың жағдайы мен қабылдап алуы ықтимал ата-ана туралы ақпарат жинауға, сақтауға әрі оны алмасуға, бұл бала асырап алу актілерін жасау үшін қажет; b) бала асырап алу рәсімін жеңілдету, сақтау және жеделдету; c) бала асырап алу және өз мемлекеттерінде бала асырап алуды жүзеге асырғаннан кейін көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша консультация алуды дамытуға жәрдемдесу; d) баланы шетелдік асырап алу тәжірибесі туралы жалпы бағалау баяндамаларымен бірін бірі қамтамасыз ету; e) басқа да орталық немесе мемлекеттік билік орындарының бала асырап алу аясындағы нақты жағдай туралы ақпарат беру туралы негізделген өтініштеріне олардың мемлекеттерінің рұқсат етуіне қарай жауап беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды. 10-бап Оларға қойылған міндеттерді білікті әрі тиісті түрде орындай алатын ұйымдарға ғана уәкілеттіктер берілуі мүмкін. 11-бап Уәкілетті ұйым: a) пайда алумен байланысты емес мақсаттарды, оған уәкілеттік берген мемлекеттің құзыретті билік орындары белгілеген осындай шарттар мен осындай шектерде орындайды; b) баланы шетелдік асырап алу саласындағы жұмысқа арналған этикалық стандарттарға, оқыту мен тәжірибе жинақтауға сәйкес даярланған персоналды басқарады және жинақтайды; және c) осы мемлекеттің құзыретті билік орындары тарабынан өз құрамына, қызметі мен қаржы жағдайына Қатысты бақылануы тиіс. 12-бап Егер екі мемлекеттің құзыретті билік орындары осыған уәкілеттік берсе ғана, бір Уағдаласушы мемлекетте уәкілеттік берілген ұйым өз функцияларын басқа Уағдаласушы мемлекетте орындай алады. 13-бап Орталық билік орындарының атаулары және бұл қажет болған жерде, олардың функцияларының көлемі, сондай-ақ уәкілетті билік орындарының атаулары мен мекен-жайларын әрбір Уағдаласушы мемлекет Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына хабарлайды. ІVтарау. БАЛАНЫ ШЕТЕЛДІК АСЫРАП АЛУ КЕЗІНДЕҚОЙЫЛАТЫН РӘСІМДІК ТАЛАПТАР 14-бап Басқа Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрып жатқан баланы асырап алуға тілек білдірген, Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрып жатқан адамдар өздері тұрақты тұрып жатқан мемлекеттің орталық билік орнына өтініш жасайды. 15-бап 1. Егер қабылдаушы мемлекеттің орталық билік орыны өтініш берушілер бала асырап алуға құқылы әрі лайықты деп кәміл сенім білдірсе, олардың жеке басы, құқықтары мен бала асырап алуды жүзеге асыруға жарамдылығы, өмірбаяндық деректерін, медициналық карта мен отбасының тарихын, әлеуметтік ортасын, бала асырап алу себептерін, баланы шетелдік асырап алуға қабілеттілігін, сондай-ақ олар қамқорлық жасауы тиіс балалардың мінездемесі қамтылған баяндама дайындайды. 2. Ол баяндаманы шығу тегі мемлекетіне тапсырады. 16-бап 1. Егер шығу тегі мемлекетінің орталық билік орыны баланы асырап алуға болатынына кәміл сенім білдірсе, онда ол: a) баланың отбасының медициналық картасын қоса алғанда, оның жеке басы, баланың асырап алыну мүмкіндігі, өмірбаяндық деректері, әлеуметтік ортасы, отбасының тарихы, медициналық картасы мен баланың кез келген ерекше талаптары туралы ақпарат қамтылған баяндама дайындайды; b) баланың тәрбиесі мен оның этникалық, діни және мәдени байланыстары мен ортасын тиісті түрде ескереді; c)4-бапқа сәйкес оның келісімі алынуын қамтамасыз етеді; және d) атап айтқанда, бала мен бала асырап алуды жүзеге асырушы болжамды ата-анаға қатысты баяндамалар негізінде көзделген баланы беру баланың мүдделеріне неғұрлым сай келетін, келмейтінін анықтайды. 2. Ол бала туралы, қажетті келісім алынғанының дәлелдерін және егер шығу тегі елінде олар ашылмауы тиіс болса, ата-ананың жеке басын ашып көрсетпей көшу ниетінің себептері туралы өз баяндамасын қабылдаушы мемлекеттің орталық органына тапсырады. 17-бап Егер: a) осы мемлекеттің орталық органы қабылдап алушы ата-ананың келісімін қамтамасыз еткен; b) осындай мақұлдау осы мемлекеттің заңы немесе шығу тегі мемлекеті орталық органының шешіммен талап етілсе, қабылдаушы мемлекеттің орталық органы осындай шешімді мақұлдаған; c) екі мемлекеттің де орталық органдары бала асырап алуға болатынына келісім берсе; және d) қабылдаушы мемлекет5-бапқа сәйкес болжамды баланы қабылдап алушы ата-ана баланы асырап алуға құқылы әрі лайықты және қабылдаушы мемлекетке баланың кіруіне әрі онда тұрақты тұруына рұқсат етіледі немесе рұқсат етілетін болады деп анықтаған жағдайларда шығу тегі мемлекетінде бала болжамды қабылдап алушы ата-анаға сеніп тапсырылуы тиістігі туралы кез келген шешім қабылдануы мүмкін 18-бап Екі мемлекеттің де орталық органдары балаға шығу тегі мемлекетінен кету және қабылдаушы мемлекетке келу әрі тұрақты тұру үшін рұқсат алуға қажетті барлық қадамдар жасайды. 19-бап 1. Егер 17-баптың талаптары толық орындалса ғана, баланы қабылдаушы мемлекетке беру жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Екі мемлекеттің де орталық органдары осындай беру қауіпсіз әрі тиісті жағдайда және егер мүмкін болса, қабылдап алушы немесе болжамды қабылдап алушы ата-анасының бірге жүруімен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. 3. Егер бала берілмесе, онда15 және16-баптарда айтылған баяндамалар баяндамаларды дайындаған органдарға кері қайтарылуы тиіс. 20-бап Орталық органдар бір-бірін бала асырап алу процесі мен оны аяқтау үшін қабылданған шешімдер туралы, сондай-ақ егер сынау мерзімі талап етілсе, орналастыру процесінің барысы туралы хабардар етеді. 21-бап 1. Қабылдаушы мемлекетке баланы бергеннен кейін бала асырап алу орын алған және осы мемлекеттің орталық органы баланың болжамды ата-анада болуы оның мүдделеріне неғұрлым сай емес екенін анықтаған жағдайда, осындай орталық орган баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылдайды, атап айтқанда: a) баланы болжамды ата-анадан қайтарып алады және балаға уақытша қорғаншылық жасалуын ұйымдастырады; b) шығу тегі мемлекетінің орталық органымен консультациядан кейін баланы асырап алу мақсатында оны жаңадан орналастыруды кешіктірмей ұйымдастырады немесе бұл қолайсыз болса, баламалы ұзақ мерзімді қорғаншылықты ұйымдастырады; шығу тегі мемлекетінің орталық органы жаңа болжамды қабылдап алушы ата-ана туралы тиісті түрде хабардар етілгенге дейін бала асырап алу орын алмайды; c) егер оның мүдделері соны талап етсе, соңғы амал ретінде баланы қайтаруды ұйымдастырады. 2. Баланың жасы мен естиярлығына қарай онымен консультация жасалады және бұл қажет болса, осы бапқа сәйкес қабылданатын шараларға қатысты оның келісімі алынады. 22-бап 1. Осы тарауға сәйкес орталық органның функцияларын мемлекеттік билік орындары немесе уәкілетті ұйымдарIIIтарауға сәйкес оның мемлекетінің заңдары бойынша рұқсат етілетін көлемде жүзеге асыруы мүмкін. 2. Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийіне15-21-баптар бойынша орталық органның функцияларын осы мемлекетте, заңда белгіленген көлемде және осы мемлекеттің құзыретті билік орындарының бақылауын, сондай-ақ: a) адалдық, кәсіби біліктілік, тәжірибелілік пен осы мемлекет алдында есеп беруі талаптарына сай және b) баланы шетелдік асырап алу үшін этикалық қасиеті, білімі немесе жұмыс тәжірибесі бар ұйымдар немесе тұлғалар орындай алады деп мәлімдеуі мүмкін. 3. 2-тармақта көзделген мәлімдемені жасаған Уағдаласушы мемлекет осы ұйымдар мен тұлғалардың атауларын және мекен-жайлары туралы Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына хабарлайды. 4. Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийіне егер орталық органдардың функциялары 1-тармаққа сәйкес орындалған жағдайда ғана оның аумағында тұрақты тұрып жатқан баланы асырап алуға болады деп мәлімдей алады. 5. 2-тармаққа сәйкес жасалған кез келген мәлімдемеге қарамастан, кез келген жағдайда15 және16-баптарда көзделген баяндамалар 1-тармаққа сәйкес орталық органның немесе басқа да билік орындарының немесе ұйымдардың басшылығымен дайындалады. Vтарау. БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ ТАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЛАРЫ 23-бап 1. Конвенцияға сәйкес бала асырап алу жүргізілген мемлекеттің құзыретті билік орны ресімдеген бала асырап алу басқа да Уағдаласушы мемлекеттің заңы деп танылады. Куәландырылған куәлік 17-бап «с» тармақшасы бойынша келісім қашан берілді және оны кем бергенін нақтылайды. 2. Әрбір Уағдаласушы мемлекет оған қол қою, бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде Конвенцияның депозитарийін осы мемлекетке куәлік беруге құқылы орган немесе билік орындарының атаулары мен функциялары туралы хабардар етеді. Сондай-ақ ол депозитарийді осы органдардың кез келген өзгерістері мен атаулары туралы хабардар етеді. 24-бап Егер баланың мүдделерін неғұрлым назарға ала отырып, бала асырап алу оның мемлекеттік саясатына көпе-көрінеу қайшы келген жағдайда ғана Уағдаласушы мемлекетте бала асырап алуды танудан бас тартылуы мүмкін. 25-бап Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийіне 39-баптың 2-тармағы негізінде жасалған келісімге сәйкес жүзеге асырылған бала асырап алу тұрғысында оны осы Конвенцияның ережелерімен байланыстыруға болмайды деп мәлімдей алады. 26-бап 1. Бала асырап алуды тану мыналарды: а) бала мен оны қабылдап алушы ата-ана арасындағы өзара құқықтық қатынастарды; b) қабылдап алушы ата-ананың бала үшін жауапкершілігін; c) егер ол орын алған Уағдаласушы мемлекетте бала асырап алудың осындай салдарлары болса, бала мен оның анасы және әкесі арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуын тануды қамтиды. 2. Егер бала асырап алу бала мен оның анасы және әкесі арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соқтырса, бала қабылдаушы мемлекетте және бала асырап алу танылған кез келген Уағдаласушы мемлекетте осындай әрбір мемлекетте осындай салдарлар орын алатын бала асырап алудан туындайтын осындай құқықтарға ие болады. 3. Алдыңғы тармақтар асырап алу танылған Уағдаласушы мемлекетте қолданылатын бала үшін неғұрлым қолайлы кез келген ереженің қолданылуына кедергі жасамайды. 27-бап 1. Шығу тегі мемлекетінде рұқсат етілген бала асырап алу бала мен оның анасы және әкесі арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуының салдарлары жоқ жерде, ол конвенцияға сәйкес бала асырап алуды танитын қабылдаушы мемлекетте, мынадай жағдайларда: a) егер қабылдаушы мемлекеттің заңы осыған рұқсат етсе; b) егер 4-тармақтың «с» және «d» тармақтарында аталған келісім осындай бала асырап алу мақсаттары үшін алынса немесе алынатын болса, осындай салдарлары бар бала асырап алуға айналуы мүмкін. 2.23-бап бала асырап алудың салдарларын өзгерту туралы шешімге қатысты қолданылады. VІ тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 28-бап Осы мемлекеттің шегінде тұрақты тұратын баланы асырап алу осы мемлекетте жүргізілсін деп талап қойған немесе оны асырап алуға дейін баланы қабылдаушы мемлекетке орналастыруға немесе беруге тыйым салған шығу тегі мемлекетінің кез келген заңын әсер етпейді. 29-бап Егер бала асырап алу отбасы шегінде жүрмесе немесе осындай байланыс шығу тегі мемлекетінің құзыретті билік орыны белгілеген шарттарға сай келсе,4-баптың «а»-«с» тармақтарының,5-баптың «а» тармағының талаптары орындалғанға дейін болжамды қабылдап алушы ата-ана мен баланың ата-анасы немесе кез келген басқа да балаға қамқорлық жасаған адам арасында байланыстар жүзеге асырылмауы тиіс. 30-бап 1. Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті билік орындары баланың шығу тегіне қатысты олардың қолда бар ақпараттың, атап айтқанда оның ата-анасына қатысты ақпараттың, сондай-ақ медициналық картасы ашылмауын қамтамасыз етеді. 2. Олар баланың немесе оның өкілдерінің осындай ақпаратқа тиісті басшылық етумен осындай мемлекеттің заңында қаншалықты рұқсат етілуіне қарай қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 31-бап 30-бапқа нұқсан тигізбейтін, Конвенция бойынша жиналған немесе берілген жеке сипаттағы мәліметтер, әсіресе15 және16-баптарда көрсетілген мәліметтер тек қана олар жиналған немесе берілген мақсатта пайдаланылады. 32-бап 1. Баланы шетелдік асырап алуға қатысты қызметтен ешкім де орынсыз қаржылық немесе басқа да пайда алмауы тиіс. 2. Бала асырап алу процесіне тартылған тұлғаларға көңілге қонымды кәсіби қаламақыларды қоса алғанда, тек шығыстар мен шығындар ғана белгіленуі немесе төленуі мүмкін. 3. Бала асырап алу процесіне тартылған органдардың басшылары, әкімшілері мен қызметшілері көрсетілген қызметтер құнынан жоғары негізделмеген сыйақы алмайды. 33-бап Конвенцияның әлде бір ережесі сақталмауда немесе сақталмау қаупі орын алғанын байқаған құзыретті билік орын дереу өз мемлекетінің орталық билік орыны хабардар етеді. Бұл орталық билік орыны тиісті шаралар қабылдануын қамтамасыз етуге жауапты болып табылады. 34-бап Егер құжатты алатын мемлекеттің құзыретті органы талап етсе, онда оған құжаттың түпнұсқасына сай куәландырылған аудармасы тапсырылуы тиіс. Егер өзгеше көзделмесе, осындай аударма үшін шығыстар болжамды ата-анаға жүктеледі. 35-бап Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары бала асырап алу процесін жылдам жүргізуі тиіс. 36-бап Бала асырап алуға қатысты әртүрлі аумақтық бірліктерде қолданылатын екі немесе одан да көп құқық жүйесі бар мемлекетке қатысты: a) осы мемлекеттегі тұрақты тұру орнына кез келген сілтеме жасау осы мемлекеттің аумақтық бірлігіндегі тұрақты тұру жеріне қатысты деп түсіндіріледі; b) осы мемлекеттің заңына кез келген сілтеме жасау тиісті аумақтық бірліктің қолданыстағы заңына қатысты деп түсіндіріледі; c) осы мемлекеттің құзыретті билік орындарына немесе мемлекеттік билік орындарына жасалған кез келген сілтеме тиісті аумақтық бірлікте іс-әрекет жасауға уәкілетті билік орындары деп түсіндіріледі; d) осы мемлекеттің уәкілетті органдарына кез келген сілтеме жасау тиісті аумақтық бірліктің уәкілетті органдарына қатысты деп түсіндіріледі. 37-бап Бала асырап алуда әртүрлі санаттағы тұлғалардың қатынастарын реттеуде қолданылатын екі немесе одан да көп құқық жүйесі бар мемлекетке қатысты осы мемлекеттің құқығына кез келген сілтеме жасау осы мемлекеттің аталған заңымен көрсетілген құқық жүйесіне қатысты деп түсіндіріледі 38-бап Егер құқық жүйесі бірыңғай мемлекет осыны істеуге міндетті болмаса, оның шегіндегі бала асырап алуға қатысты өздерінің өзіндік құқықтық нормалары бар әртүрлі аумақтар бар мемлекет Конвенцияның ережелерін қолдануға міндетті емес. 39-бап 1. Егер осындай құжатқа қатысушы мемлекеттер кері сипаттағы мәлімдеме жасамаса, Конвенция Уағдаласушы мемлекеттер қатысушысы болып табылатын және Конвенция реттейтін мәселелер бойынша ережелер қамтылған қандай да бір халықаралық құжаттарына Конвенция әсер етпейді. 2. Олардың өзара қатынастарында Конвенцияны неғұрлым жақсы қолдану мақсатында кез келген Уағдаласушы мемлекет бір немесе одан да көп Уағдаласушы мемлекеттермен келісім жасай алады. Бұл келісімдер тек14-16 және18-21-баптардың ережелерінен ғана ауытқи алады. Осындай келісімдер жасаған мемлекеттер оның көшірмесін Конвенцияның депозитарийіне береді. 40-бап Конвенцияға ешқандай ескертпе жасауға жол берілмейді. 41-бап Конвенция қабылдаушы мемлекетте және шығу тегі мемлекетінде күшіне енгеннен кейін14-бапта көзделген өтініш алынған әрбір жағдайда Конвенция қолданылады. Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысы Конвенцияның практикада қолданылуын қарау үшін тұрақты түрде Арнайы комиссияны шақырады. VІІ тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 43-бап 1. Оның он жетінші сессиясында Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелері болып табылған және осы сессияға қатысқан басқа да мемлекеттердің қол қоюы үшін Конвенция ашық. 2. Ол бекітілуі, қабылдануы немесе мақұлдануы тиіс және бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Конвенцияның депозитарий болып табылатын Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне сақтауға тапсырылуы тиіс. 44-бап 1. 46-баптың 1-тармағына сәйкес ол күшіне енгеннен кейін кез келген мемлекет Конвенцияға қосыла алады. 2. Қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады. 3. Осындай қосылу тек қосылушы мемлекет пен 48 баптың «b» тармағында аталған хабарлама алынғаннан кейін алты ай ішінде оның қосылуына қарсылық білдірмеген Уағдаласушы мемлекеттер арасында ғана қолданылатын болады. Қосылғаннан кейін Конвенцияны бекіту, қабылдау немесе мақұлдау кезінде де осындай қарсылықты мемлекеттер ұсына алады. Депозитарий осындай кез келген қарсылық туралы хабардар етілуі тиіс. 45-бап 1. Егер мемлекетте Конвенцияда қаралатын мәселелерге қатысты әртүрлі құқық жүйесі қолданылатын бір немесе одан да көп аумақтық бірлік болса, онда ол қол қою, бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде осы Конвенция оның бүкіл аумақтық бірліктерінде немесе біреуінде немесе бірнешеуінде қолданылады деп мәлімдей алады және кез келген уақытта басқа мәлімдеме беріп, осы мәлімдемені өзгерте алады. 2. Кез келген осындай мәлімдеме туралы депозитарий хабардар етілуі тиіс және онда Конвенцияға қосылатын аумақтық бірліктер дәл көрсетілуі тиіс. 3. Егер мемлекет осы бапқа сәйкес мәлімдеме жасамаса, онда Конвенция осы мемлекеттің бүкіл аумақтық бірліктеріне қолданылады. 46-бап 1.43-бапта көрсетілген бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы үшінші құжат сақтауға тапсырылған соң үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні Конвенция күшіне енеді. 2. Кейін Конвенция: a) оны бекітетін, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін бекіту, қабылдау немесе мақұлдау немесе қосылу туралы оның құжаты сақтауға тапсырылған соң үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні; b) 45-бапқа сәйкес оларға Конвенция қолданылатын аумақтық бірлік үшін осы бапта көрсетілген хабарлама жасалғаннан кейін үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді. 47-бап 1. Кез келген мемлекет - Конвенцияға қатысушы депозитарийге жазбаша нысанда хабарлама жіберу жолымен оның күшін жоя алады. 2. Депозитарий хабарламаны алғаннан кейінгі он екі ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшін жою күшіне енеді. Хабарламада күшін жою күшіне енуі үшін неғұрлым ұзақ кезең көрсетілген кезде, күшін жою депозитарий хабарламаны алғаннан кейін осындай күшін жоюдың неғұрлым ұзақ кезеңі өткеннен кейін күшіне енеді. 48-бап Депозитарий Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелері мемлекеттерді, оның он жетінші сессиясына қатысқан басқа да мемлекеттерді және44-бапқа сәйкес оған қосылған мемлекеттерді, мыналар: a)43-бапта аталған қол қою, бекіту, қабылдау және мақұлдау туралы; b) 44-бапта аталған қосылу және қосылуға байланысты қарсылықтар туралы; с) 46-бапқа сәйкес Конвенцияның күшіне ену күні туралы; d)22,23,25 және45-баптарда аталған мәлімдемелер мен тағайындаулар туралы; е)39-бапта аталған келісімдер туралы; f) 47-бапта аталған күшін жоюлар туралы хабардар етеді. Осыны куәландыру үшін тиісті түрде уәкілеттік берілген, төменде қол қойғандар осы Конвенцияға қол қойды. 1993 жылғы 29 мамырда Гаагада ағылшын және француз тілдерінде бір данада жасалды, оның үстіне екі мәтіннің дәлдігі бірдей болып табылады, ол Нидерланды Корольдігі Үкіметінің мұрағатында сақтауға тапсырылады. Оның куәландырылған көшірмелері дипломатиялық арналар арқылы әрбір мемлекетке - оның он жетінші сессиясы өткізілген күнге Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелеріне және осы сессияға қатысқан әрбір басқа да мемлекетке жіберіледі. © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы

    Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 48-V Заңы 1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция мынадай: «Қазақстан Республикасы Конвенцияның 42-бабына сәйкес Конвенцияның 26-бабының екінші абзацында көзделген өзінің заң көмегі және консультациялар жүйесі өтей алатыннан басқа, адвокаттардың немесе кеңесшілердің қызметін не сот шығындарын төлеу шығыстарын көтеру міндеттемесіне өзін байланысты деп есептемейді» деген ескертпемен ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтықаспектілері туралы конвенция(1980 жылғы 25 қазанда жасалды) Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, балалардың мүдделері – бұл оларға деген қамқорлық ісіндегі ең маңыздысы екеніне кәміл сене отырып, балаларға халықаралық ауқымда оларды заңсыз алып өтудің немесе күштеп ұстап алудың зиянды салдарынан қорғауды ұсынуға және олар тұрақты тұратын мемлекетке олардың дереу қайтарылуын қамтамасыз ету үшін рәсімдер жасауға, сондай-ақ қол жеткізу құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып, бұл мақсатта осы Конвенцияны жасауды ұйғарды және төмендегілер туралы келісті: IтарауКонвенцияның қолданылу аясы 1-бап Осы Конвенцияның мақсаттары: а) Уағдаласушы мемлекеттердің кез келгеніне заңсыз алып өтілген не Уағдаласушы мемлекеттердің кез келгенінде күштеп ұсталып отырған балалардың дереу қайтарылуын қамтамасыз ету; және b) Уағдаласушы мемлекеттің бірінің заңнамасында көзделген қорғаншылыққа және қол жеткізу құқықтарының басқа Уағдаласушы мемлекеттерде тиімді сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. 2-бап Уағдаласушы мемлекеттер өз аумақтарында Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды. Бұл үшін олар өздерінің иелігіндегі ең жедел рәсімдерді пайдаланады. 3-бап Баланың алып өту немесе күштеп ұстап алу, егер: а) бұл ретте баланы алып өткенге немесе күштеп ұстап алғанға дейін ол тұрақты тұрған мемлекеттің заңнамасына сәйкес қандай да бір тұлғаға, мекемеге немесе ұжымдық немесе жеке өзге органға тиесілі балаға қамқоршылық құқықтар бұзылса; және b) алып өткен немесе күштеп ұстап алған кезде бұл құқықтар ұжымдасып немесе жеке түрде тиімді жүзеге асырылса немесе егер алып өту және күштеп ұстап алу болмағанда жүзеге асырылған болса, заңсыз деп қаралады. а) тармағында айтылған қамқоршылық құқықтары, атап айтқанда, қандай да бір құқықтық актіге сәйкес не сот және әкімшілік биліктердің шешіміне байланысты не осы мемлекеттің заңнамасы бойынша заңдық салдарға әкеп соғатын келісімнің нәтижесінен туындауы мүмкін. 4-бап Конвенция қандай да бір Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрған кез келген балаға қамқоршылық немесе қол жеткізу құқықтарын бұзу актісін жасаудың алдында тікелей қолданылады. Бала 16 жасқа толғанда Конвенцияның қолданылуы тоқтатылады. 5-бап Осы Конвенцияның мақсаттары үшін: a) «қамқоршылық құқықтары» балаға қатысты қандай да бір адамның қамқорлығына жататын құқықтарды және атап айтқанда, баланың тұрғылықты жерін айқындау құқығын қамтиды; b) «қол жеткізу құқықтары» баланы тұрақты тұратын жерінен өзге жерге шектеулі уақытқа алу құқығын қамтиды. IIтарауОрталық органдар 6-бап Уағдаласушы мемлекет осы Конвенция осындай органдарға жүктейтін функцияларды орындау үшін Орталық орган құрады. Федеративтік мемлекеттер, біреуден көп құқықтық жүйесі бар мемлекеттер немесе құрамына автономдық құрылымдар кіретін мемлекеттербірнеше Орталық органдар құруға және олардың өкілеттіктерінің аумақтық шектерін айқындауға құқылы. Бірнеше Орталық органдар құрылған жерлерде мемлекет осы мемлекеттегі басқа Орталық органдарға тарату үшін барлық өтініштер мен хабарламалар жіберілуге тиіс Орталық органды тағайындайды. 7-бап Орталық органдар балаларды дереу қайтаруды қамтамасыз ету және Конвенцияның басқа да мақсаттарына қол жеткізу үшін бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді және өз мемлекеттерінің құзыретті биліктері арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. Атап айтқанда, тікелей немесе қандай да бір делдал арқылы олар: а) заңсыз алып өтілген немесе күштеп ұстап алынған бала туралы барлық мән-жайларды ашу; b) уақытша шараларды қабылдау арқылы балаға одан әрі зиян келтіруді немесе мүдделі тұлғаларға залал келтіруді болдырмау; с) баланы ерікті түрде қайтарылуын немесе проблемаларды татулықпен шешуге қол жеткізуді қамтамасыз ету; d) дұрыс деп саналған жерде, баланың әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат алмасу; е) жалпы сипаттағы, мысалы олардың мемлекеттерінің заңнамасы және Конвенция реттейтін салалар туралы ақпаратты ұсыну; f) баланы қайтаруға қол жеткізу мақсатында сот немесе әкімшілік рәсімдерге бастама жасау немесе мұндай рәсімдерге ықпал ету және қажет болған жағдайда, қол жеткізу құқығының тиімді жүзеге асырылуын ұйымдастыру; g) егер мән-жайлар қажет етсе, адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қатысуын қоса алғанда, заң көмегі мен консультациялар беру немесе беруді ұйымдастыру; h) баланың қауіпсіз қайтарылуын қамтамасыз ету үшін қажетболуы мүмкін ұйымдастырушылық көмек көрсету; i) осы Конвенцияның қолданылу барысы туралы ақпарат алмасу және мүмкіндігіне қарай қолдануға кедергілерді жою үшін барлық қолайлы шараларды қабылдайды. IIIтарауБалаларды қайтару 8-бап Бала қамқоршылық құқықтары бұзылып ұрланды немесе күштеп ұстап алынды деп растайтын кез келген адам, мекеме немесе өзге орган баланы қайтаруда көмек көрсету туралы өтінішпен бала тұрақты тұратын мемлекеттің Орталық органына немесе кез келген басқа Уағдаласушы мемлекеттің Орталық органына жүгіне алады. Өтініште: а) өтініш берушінің жеке басы туралы, баланың жеке басы туралы және баланың алып өтуде немесе оны күштеп ұстап алуда күдікті болып отырған адамның жеке басы туралы ақпарат; b) егер мүмкін болса, баланың туған күні, айы, жылы; с) өтініш берушінің баланы қайтару туралы талабына себепболған негіздер; d) бала туралы және болжам бойынша бала соның қолында болуы мүмкін адамның жеке басы туралы қолда бар барлық ақпарат қамтылуға тиіс. Өтініш: е) іске қатысты кез келген шешімнің немесе келісімнің теңтүпнұсқалы көшірмесімен; f) бала тұрақты тұратын мемлекеттің Орталық органы немесе басқа құзыретті органы немесе осы мемлекеттің іске қатысты заңнамасы туралы қандай да бір хабардар адам берген куәлікпен немесе айғақпен; g) іске қатысты кез келген басқа құжатпен толықтырылуы мүмкін. 9-бап Егер8-бапта көзделген өтінішті алған Орталық орган бала басқа Уағдаласушы мемлекетте деп ұйғарым жасауына негіздер болса, ол өтінішті кідіртпестен осы Уағдаласушы мемлекеттің Орталық органына тікелей береді және сұрау салушы Орталық органға немесе өтініш берушіге хабарлайды. 10-бап Бала тұрып жатқан мемлекеттің Орталық органы баланың ерікті түрде қайтарылуы үшін барлық қолайлы шараларды қабылдайды. 11-бап Уағдаласушы мемлекеттердің сот және әкімшілік биліктері балаларды қайтару үшін барлық рәсімдерді кідіртпестен жүргізеді. Егер тиісті сот немесе әкімшілік билік органдары рәсімдер басталғаннан бастап алты ай ішінде ешқандай шешімге қол жеткізбесе, өтініш беруші немесе сұрау салынатын мемлекеттің Орталық органы өзінің жеке бастамасы бойынша не сұрау салушы мемлекеттің Орталық органының өтініші бойынша өздеріне кешіктірудің себептері туралы түсіндірмелер ұсыну жөнінде өтінуге құқығы бар. Егер жауапты сұрау салынатын мемлекеттің Орталық органы алса, онда бұл орган жауапты сұрау салушы мемлекеттің Орталық органына не өтініш берушіге табыс етеді. 12-бап Егер бала3-бапта көзделгендей, алып өтілсе немесе күштеп ұстап алынса және бала тұрып жатқан Уағдаласушы мемлекеттің сот немесе әкімшілік инстанцияларында рәсімдер басталғанда заңсыз алып өткен немесе күштеп ұстап алынған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, тиісті инстанциялар баланы дереу қайтару туралы өкім береді. Сот және әкімшілік инстанциялары, рәсімдер алдыңғы абзацта айтылған бір жылдық мерзім өткеннен кейін басталған жағдайларда да, егер бала өзінің жаңа ортасына толығымен сіңісіп кеткені туралы айғақтар жоқ болғанда ғана, баланы қайтару туралы өкім береді. Егер сұрау салынатын мемлекеттегі сот немесе әкімшілік инстанцияларының бала басқа мемлекетке әкетілді деп ұйғаруға негіздері болса, олар рәсімдерді тоқтатуы немесе баланы қайтару туралы өтінішті қабылдаудан бас тартуы мүмкін. 13-бап Алдыңғы баптың ережелеріне қарамастан, сұрау салынатын мемлекеттің сот немесе әкімшілік инстанциялары, егер адам, мекеме немесе өзге де орган: а) балаға қамқорлық жасауды жүзеге асырған адамның, мекеменің немесе өзге де органның алып өту немесе күштеп ұстап алу кезінде іс жүзінде қамқоршылық құқықтарын жүзеге асырмағанын немесе алып өтуге немесе күштеп ұстап алуға келісім бергендерін не кейіннен алып өтуді немесе күштеп ұстап алуды үнсіз мойындағандарын; b) баланы қайтару оның денесінің зақымдану немесе психологиялықтұрғыдан зардап шегу қаупіне айтарлықтай тәуекел бар екенін немесе өзге жолмен балаға төзімсіз жағдай туғызатынын дәлелдесе, баланы қайтару туралы өкім беруге міндетті емес. Сот немесе әкімшілік инстанциялары, егер олар баланың қайтыпоралуға қарсы екенін білсе және оның пікірін есепке алмауға болмайтын жасқа және кәмелет деңгейіне жетсе, баланы қайтару туралы өкімнен бас тарта алады. Осы бапта айтылған мән-жайларды қарастыра отырып, сот және әкімшілік инстанциялары бала тұрақты тұратын елдің Орталық органы ұсынған баланың әлеуметтік тегі туралы ақпаратты назарға алады. 14-бап 3-баптыңмағынасында заңсыз алып өту немесе күштеп ұстап алунақты орын алған-алмағанын анықтай отырып, сұрау салынатын мемлекеттің сот немесе әкімшілік инстанциялары бала тұрақты тұратын мемлекетте формальды мойындалған және мойындалмаған құқық пен сот және әкімшілік шешімдерді осы құқықты дәлелдеудің немесе шетелдік инстанциялардың шешімдерін мойындаудың арнайы рәсімдеріне жүгінбей-ақ, тікелей ескеруі мүмкін. 15-бап Уағдаласушы мемлекеттің сот немесе әкімшілік инстанциялары баланы қайтару туралы өкім беруден бұрын, егер бұл мемлекетте мұндай шешімді немесе ұйғарымды алу мүмкін болса, бала тұрақты тұратын мемлекеттің билігінен қандай да бір шешімді немесе Конвенцияның3-бабының мағынасында заңсыз акт ретінде немесе күштеп ұстап алу ұйғарымы бар өзге де құжатты алуды өтініш берушіден өтінуі мүмкін. Уағдаласушы мемлекеттердің Орталық органдары өтініш берушінің мұндай құжатты алуына жәрдемдеседі. 16-бап 3-баптың мағынасында баланы алып өту немесе күштеп ұстап алу туралы хабар алғаннан кейін аумағына бала алып өтілген немесе аумағында бала күштеп ұсталып отырған Уағдаласушы мемлекеттің сот немесе әкімшілік инстанциялары осы Конвенцияға сәйкес бала қайтарылмауы тиіс екені айқындалмайынша немесе хабар алғаннан кейін тиісті уақыт кезеңінде өтініш берілмейінше қамқоршылық туралы мәселені мәнісі бойынша шешпейді. 17-бап Қамқоршылық туралы шешім шығару фактісінің өзі немесе бұл шешімді сұрау салынатын мемлекетте мойындаудың қажеттілігі осы Конвенцияға сәйкес баланы қайтарудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды, бірақ сұрау салынатын мемлекеттің сот немесе әкімшілік инстанциялары осы шешімнің дәлелдемесін Конвенцияны қолдану процесінде назарға алуы мүмкін. 18-бап Осы тараудың ережелері сот немесе әкімшілік инстанцияларының баланы кез келген уақытта қайтару туралы өкім беру өкілеттіктерін шектемейді. 19-бап Осы Конвенцияға сәйкес баланы қайтару туралы қабылданған ешқандай шешім қамқоршылық туралы мәселені шешу кезінде істің мәні бойынша ұйғарым ретінде қабылданбауы тиіс. 20-бап 12-баптың мағынасында баланы қайтарудан, егер сұрау салынатын мемлекеттің адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғауға қатысты негізгі қағидаттары бойынша оған жол берілмейтін болса, бас тартылуы мүмкін. IV тарауҚол жеткізу құқықтары 21-бап Қол жеткізу құқықтарының тиімді жүзеге асырылуын ұйымдастыруды немесе қамтамасыз етуді сұраған өтініш баланы қайтаруды сұраған өтініш сияқты тәртіпте Уағдаласушы мемлекеттердің Орталық органдарына берілуі мүмкін. Орталық органдар 7-бапта жазылған ынтымақтастық туралы ережелердің арқасында қол жеткізу құқықтарының бейбіт жүзеге асырылуына және осы құқықтарды жүзеге асырудың кез келген шарттарын орындауға жәрдемдесуге міндетті. Орталық органдар мұндай құқықтардың жүзеге асырылуының барлық кедергілерін жою үшін қаншалықты мүмкін болғанша әрекеттер жасайды. Осы құқықтарды жүзеге асыруды немесе қорғауды ұйымдастыру және оларды сақтау жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Орталық органдар тікелей не делдалдар арқылы рәсімдер қозғауға бастама жасауы немесе қозғау үшін жәрдемдесуі мүмкін. V тарауЖалпы ережелер 22-бап Осы Конвенцияда көзделген сот немесе әкімшілік рәсімдерге арналған шығыстарды төлеуді қамтамасыз етуде ешқандай сақтандыру, бағалы қағаздар немесе депозиттер қажет етілмейді. 23-бап Осы Конвенцияның ережелерін орындау үшін ешқандай заңдастыру немесе формалдылықтар қажет етілмейді. 24-бап Кез келген өтініш, хабарлама немесе өзге құжат сұрау салынатын мемлекеттің Орталық органына түпнұсқа тілінде жіберіледі және сұрау салынатын мемлекеттің ресми тіліне немесе ресми тілдерінің біріне, ал егер бұл мүмкін болмаса, ағылшын немесе француз тілдеріне аудармасымен қоса беріледі. Алайда, Уағдаласушы мемлекет 42-бапқа сәйкес ескерту жасай отырып, Орталық органға жіберілетін арыздарда, хабарламаларда немесе өзге құжаттарда не ағылшын, не француз тілдерін пайдалануға қарсы болуы мүмкін, бірақ екеуінен де бас тартпауға тиіс. 25-бап Уағдаласушы мемлекеттердің азаматтары және осы мемлекеттерде тұрақты тұратын адамдар осы Конвенцияның орындалуына байланысты мәселелер бойынша кез келген басқа Уағдаласушы мемлекетте, егер олардың өздері осы мемлекеттердің азаматтары болған немесе оның аумағында тұрақты тұрған жағдайда көрсетілетіндей, заңгерлік көмек және кеңес алуға құқылы. 26-бап Әрбір Орталық орган осы Конвенцияның қолдану бойынша шығыстарын өздері көтереді. Уағдаласушы мемлекеттердің Орталық органдары мен басқа да бұқаралық қызметтері осы Конвенцияда көзделген өтініштерге байланысты ешқандай алымдар төлеуді талап етпейді. Атап айтқанда, олар рәсімдерге арналған немесе адвокаттардың немесе кеңесшілердің қатысуынан туындаған шығыстарды өтеуде өтініш берушінің тарапынан ешқандай төлемдер талап ете алмайды. Алайда олар баланы қайтаруға арналған шығыстарды өтеуді талап етуі мүмкін. Дегенмен, Уағдаласушы мемлекет 42-бапқа сәйкес ескерту жасай отырып, алдыңғы абзацта көзделген, адвокаттардың немесе кеңесшілердің қызметтеріне ақы төлеуге немесе оның заңгерлік көмек және консультациялар жүйесі өтеуі мүмкін шығыстардан басқа, ол сот шығындарына ақы төлеуге арналған шығыстарды көтеруге өзін міндетті деп есептемейтінін мәлімдеуі мүмкін. Баланы қайтару туралы өкім немесе осы Конвенция бойынша қол жеткізу құқықтарын атқаруға байланысты өкім бере отырып, сот немесе әкімшілік инстанциялары баланы алып өтуде немесе күштеп ұстап алуда кінәлі адамға немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін адамға өтініш берушінің атынан қажетті шығыстарды, оның ішінде жол жүру ақысын немесе баланың тұрып жатқан жерін табуға, сондай-ақ өтініш берушінің атынан заңгерлердің әрекеттеріне жұмсалған шығыстарды және баланы қайтаруға жұмсалған шығыстарды жүктей алады. 27-бап Егер осы Конвенцияның талаптары орындалмағаны немесе өтініш өзгедей түрде жеткіліксіз негізделгені айқын болса, Орталық орган өтінішті қабылдауға міндетті емес. Бұл жағдайда Орталық орган өтініш берушіге немесе сол арқылы өтініш берілген Орталық органға өзінің дәлелдері туралы дереу хабарлайды. 28-бап Орталық органдарға өтініштің өтініш берушінің атынан әрекет ететін не өкіл тағайындайтын жазбаша сенімхатпен қоса берілуін сұрата алады. 29-бап Осы Конвенция 3 немесе 21-баптың мағынасында қамқоршылық немесе қол жеткізу құқықтарының бұзылғаны туралы мәлімдеуші ешбір адамның, мекеменің немесе органның осы Конвенцияда көзделгеніне қарамастан, кез келген Уағдаласушы мемлекеттің сот немесе әкімшілік инстанцияларына тікелей жүгінуіне кедергі келтірмейді. 30-бап Осы Конвенцияның шарттарына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттің Орталық органына немесе тікелей сот немесе әкімшілік инстанцияларына жіберілген кез келген өтінішті Уағдаласушы мемлекеттердің сот немесе әкімшілік инстанциялары оған қоса тіркелген немесе Орталық орган берген құжаттармен немесе өзге ақпаратпен бірге қабылдайды. 31-бап Балаларға қамқоршылық мәселелерінде әртүрлі аумақтық бірліктерде екі немесе одан да көп құқық жүйесі қолданылатын мемлекетке қатысты: а) тұрақты тұру осы мемлекеттің аумақтық бірліктерінің бірінде тұрақты тұру ретінде түсініледі; b) тұратын мемлекеттің заңнамасы бала тұрақты тұратын сол аумақтық бірліктің заңнамасы ретінде түсініледі. 32-бап Балаларға қамқоршылық мәселелерінде тұлғалардың әртүрлі санаттарына қолданылатын екі немесе одан да көп құқықтық жүйе қолданылатын мемлекетке қатысты бұл мемлекеттің құқығы осы мемлекеттің құқығымен айқындалған құқықтық жүйе ретінде түсініледі. 33-бап Біртұтас құқық жүйесі бар мемлекет осыны орындауға міндетті болмаған жағдайларда, балаларға қамқоршылыққа қатысты әртүрлі аумақтық бірліктерінде өзіндік құқықтық нормалары бар мемлекет осы Конвенцияны қолдануға міндетті емес. 34-бап Осы Конвенция реттейтін мәселелерге қатысты болғанда, оның екі Конвенцияға да қатысушылар үшін биліктің өкілеттігіне және жасы кіші адамдарды қорғауға қолданылатын құқыққа қатысты 1961 жылғы 5 қазандағы Конвенциядан күші басым. Басқа жағдайларда осы Конвенция заңсыз орны ауыстырылған немесе күштеп ұсталып отырған баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын ұйымдастыру мақсаттарында шығу мемлекеті мен сұрау салынатын мемлекеттің арасында не сұрау салынатын мемлекеттің басқа құқығынан жоғары қолданылатын ешқандай халықаралық шарттың қолданылуын шектемейді. 35-бап Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттердің арасында осы мемлекеттер үшін күшіне енгеннен кейін ғана орын алған заңсыз алып өту немесе күштеп ұстап алу актілеріне қатысты қолданыла бастайды. Егер 39 немесе 40-бап бойынша мәлімдеме жасалса, Уағдаласушы мемлекеттің алдыңғы тармақта көрсетілген еске салуы өздеріне қатысты осы Конвенция қолданылатын аумақтық бірлікке немесе бірліктерге қатысты деп түсіндіріледі. 36-бап Осы Конвенциядағы ешнәрсе баланы қайтаруға қойылатын шектеулерді тарылту мақсатында екі немесе одан да көп Уағдаласушы мемлекетке мұндай шектеуді қоятын осы Конвенцияның кез келген ережесін орындаудан жалтаруға мүмкіндік беретін келісім жасасуға кедергі келтірмейді. VI тарауҚорытынды ережелер 37-бап Конвенция Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының бұрынғы мүше мемлекеттерінің қол қоюы үшін оның Он төртінші сессиясы кезеңінде ашық болады. Ол ратификацияланатын, қабылданатын немесе мақұлданатын болады және ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне сақтауға беріледі. 38-бап Кез келген басқа мемлекет Конвенцияға қосыла алады. Қосылу туралы құжат Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне сақтауға беріледі. Қосылған мемлекет үшін Конвенция қосылу туралы құжат сақтауға берілгеннен кейін үшінші күнтізбелік айдың бірінші күнінде күшіне енеді. Қосылу тек қосылған мемлекет пен осы қосылуды өзінің мойындағаны туралы мәлімдеген мемлекеттердің арасындағы қатынастарда ғана күшін сақтайды. Мұндай қосылудан кейін Конвенцияны ратификациялаушы, мақұлдаушы немесе қабылдаушы кез келген қатысушы мемлекеттің тарапынан да осындай мәлімдеме қажет болады. Мұндай мәлімдеме Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне сақтауға берілуі тиіс; осы министрлік Конвенцияның расталған көшірмесін әрбір Уағдаласушы мемлекетке дипломатиялық арналар арқылы жібереді. Конвенция қосылған мемлекет пен өзінің қосылуын мойындағаны туралы мәлімдеген мемлекеттің арасында мойындау туралы мәлімдемені сақтауға бергеннен кейін үшінші күнтізбелік айдың бірінші күнінде күшіне енеді. 39-бап Кез келген мемлекет қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде Конвенцияның күші ол халықаралық қатынастарына жауапты болатын бүкіл аумақтарға не бір немесе одан көп осындай аумақтарға қолданылатыны туралы мәлімдеуге құқылы. Мұндай мәлімдеме осы мемлекет үшін Конвенция күшіне енген кезде жарамды болады. Конвенцияның қолданылуын кейіннен кеңейту туралы кез келген мәлімдеме сияқты осындай мәлімдеме туралы Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне хабарлануы тиіс. 40-бап Егер Уағдаласушы мемлекеттің құрамына осы Конвенция реттейтін мәселелерге қатысты әртүрлі құқықтық жүйелер нормалары қолданылатын екі немесе одан көп аумақтық бірлік кіретін болса, ол қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде Конвенция осы аумақтық бірліктердің барлығында немесе тек олардың біреуінде немесе бірнешеуінде қолданылатын болады деп мәлімдеуі мүмкін және кез келген уақытта басқа мәлімдеме ұсынып, өз мәлімдемесін өзгерте алады. Кез келген осындай мәлімдеме туралы Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне хабарлануы тиіс және онда Конвенция қолданылатын аумақтар дәл көрсетілуі тиіс. 41-бап Егер қандай да бір Уағдаласушы мемлекеттің басқару жүйесінде атқарушы, сот және заң шығарушы билік органдары осы мемлекеттің ішінде орталық және басқа органдардың арасында бөлінген болса, Конвенцияға қол қою немесе оны ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау немесе оған қосылу немесе 40-баптың мағынасында оның мәлімдемесі осы мемлекеттің ішінде биліктерді бөлу үшін ешқандай салдарға әкеп соқпайды. 42-бап Кез келген мемлекет ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу сәтінен кешіктірмей не 39 немесе 40-баптардың мағынасында мәлімдеу кезінде 24-бапта және 26-баптың үшінші абзацында көзделген бір немесе екі ескерту жасауға құқылы. Басқа ешқандай ескертулерге жол берілмейді. Кез келген мемлекет кез келген уақытта өзінің ескертуін кері қайтарып алуы мүмкін. Қайтарып алу туралы Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне хабарлануы тиіс. Ескерту алдыңғы абзацта көрсетілген хабарламадан кейін үшінші күнтізбелік айдың бірінші күнінде қолданылуын тоқтатады. 43-бап Конвенция 37 және 38-баптарда көрсетілген ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы үшінші құжат сақтауға берілгеннен кейінгі үшінші күнтізбелік айдың бірінші күнінде күшіне енеді. Осыдан кейін Конвенция: 1. Конвенцияны ратификациялаушы, қабылдаушы, мақұлдаушы немесе оған қосылушы әрбір мемлекет үшін ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты сақтауға бергеннен кейін үшінші күнтізбелік айдың бірінші күнінде; 2. 39 немесе 40-баптарға сәйкес Конвенцияның күші қолданылатын кез келген аумақ немесе аумақтық бірлік үшін осы баптарда көрсетілген хабарламалардан кейін үшінші күнтізбелік айдың бірінші күнінде күшіне енеді. 44-бап Конвенция 43-баптың бірінші абзацына сәйкес күшіне енген күннен кейін, соның ішінде Конвенцияны кейінірек ратификациялаған, қабылдаған, мақұлдаған немесе оған қосылған мемлекеттер үшін бес жыл бойы күшінде қалады. Егер ешқандай күшін жоюлар болмаса, Конвенцияның қолданылуы әрбір бес жылда автоматты түрде қайта жаңартылады. Кез келген күшін жою туралы кезекті бесжылдық кезең өткенге дейін кем дегенде алты ай бұрын Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне хабарлануы тиіс. Күшін жою Конвенцияның күші қолданылатын жекелеген аумақтармен немесе аумақтық бірліктермен шектелуі мүмкін. Күшін жоюдың ол туралы хабарлаған мемлекетке қатысты ғана күші болады. Конвенция басқа Уағдаласушы мемлекеттер үшін күшінде қалады. 45-бап Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі Конференцияға қатысушы мемлекеттерге және 38-бапқа сәйкес қосылған мемлекеттерге мыналар: 1. 37-бап бойынша қол қою мен ратификациялау, қабылдау және мақұлдау туралы; 2. 38-бапта көзделген қосылу туралы; 3. 43-бапқа сәйкес Конвенцияның күшіне енетін күні, айы, күні туралы; 4. 39-бап мағынасында Конвенция күшінің қолданылуы туралы; 5. 38 және 40-баптарда көзделген мәлімдемелер туралы; 6. 24-бапта және 26-баптың үшінші абзацында көзделген ескертулер туралы, сондай-ақ 42-баптың мағынасында кері қайтарып алу туралы; 7. 44-бапта көзделген күшін жоюлар туралы хабарлайды. Осыны куәландыру үшін тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды. Гаагада, 1980 жылғы қазанның 25-ші күні ағылшын және француз тілдерінде бір данада жасалды, бұл ретте екі мәтін бірдей тең түпнұсқалы болып табылады, ол Нидерланд Корольдігі Үкіметінің мұрағаттарында сақтауға берілетін болады әрі оның расталған бір көшірмесі дипломатиялық арналар арқылы Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясына мүше мемлекеттердің әрқайсысына оның Он төртінші сессиясы кезінде жіберілетін болады. 1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияның куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаменті бастығының міндетін атқарушы Д. Халықов РҚАО-ның ескертпесі! Бұдан әрі Конвенцияның ағылшын тіліндегі мәтіні берілген. © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Жарияланды:
    Декларация

    Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

    Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған. Преамбула Адам баласы үйелменінің барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, құқықтарының теңдігі мен тартып алынбайтындығын тану, бостандық пен әділдіктің және жалпыға бірдей бейбітшіліктің негізі болып табылатынына назар аудара отырып, адам құқықтарына деген елемеушілік, менсінбеушілік адам баласы арының зығырданын қайнататын тағылық жағдайға әкеліп соғатынына және дүние жүзі адамдары сөз бен наным-сенім бостандықтарына ие болып, үрей мен мұқтаждықтан ада бола алатын ортаны құру – адам баласының жоғары мәртебелі ұмтылысы деп жарияланғанына назар аудара отырып, адам баласы зорлық-зомбылық пен қанауға қарсы көтеріліске мәжбүр болатын жағдайды тудырмау үшін, адам құқықтары заң билігімен қорғалуы керек екеніне назар аудара отырып, халықтар арасында достық қарым-қатынастың дамуына жәрдемдесу керек екеніне назар аудара отырып, Біріккен Ұлттар елдері өз Жарғысында негізгі адам құқықтарына, жеке адам басының қадір-қасиеті мен құндылығына және ерлер мен әйелдердің теңдігіне сенімдерін растап, әлеуметтік прогресс пен адамға ылайық өмір сүру деңгейін, нақтыланған бостандықтардан тыс, кең ауқымды бостандықтарды арттыруға жәрдемдесу керек деген шешімге келгендеріне назар аудара отырып, мүше-мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтықтамаса отырып, адам құқықтары мен негізгі бостандықтары жалпыға бірдей құрметтеліп сақталуына ықпал жасауға міндеттенгендеріне назар аудара отырып, осы міндеттемелерді толыққанды жүзеге асыру жолында осы құқықтар мен бостандықтардың мән-мағынасы мен ерекшеліктерін ұғынып түсінудің маңызы зор екендігіне назар аудара отырып, БАС АССАМБЛЕЯ, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы әр адаммен қатар, қоғамның әр органы осы декларацияны үнемі жадында тұтып, білім беру және ағарту жұмыстары арқылы осы құқықтар мен бостандықтарды қадір тұтуға ықпал жасап, ұлттық халықаралық шаралар арқылы Ұйымның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына қарасты территориялардың халықтары арасында да, жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде жария етіп отыр. 1 бап Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс. 2 бап Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс. Сонымен қатар, ешкім де өзі тұратын елінің, не болмаса территорияның саяси, құқықтық, немесе халықаралық мәртебесінің негізі бойынша, және де ол территория тәуелсіз, әлде біреудің қарамағында, әлде өзін-өзі басқарушы емес, немесе оның егемендігі әртүрлі нысанда шектеулі болған күннің өзінде де, алаланбауы тиіс. 3 бап Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы. 4 бап Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады. 5 бап Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес. 6 бап Әр адам қай жерде жүрсе де, құқықтық субъектісі ретінде танылуына құқылы. 7 бап Заң алдында жұрттың бәрі тең және де заң арқылы алаланбай, бірдей тең қорғалуға құқылы. Барлық адам осы Декларацияның ережелерін бұзатын кемсітуден және кемсітуге арандатушылықтың барлық түрінен тең қорғалуға құқылы. 8 бап Әр адам, конституциямен, немесе заңмен берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда, құқығын құзыретті ұлттық сот арқылы тиімді түрде қалпына келтіруге құқылы. 9 бап Ешкім де негізсіз тұтқындалуға, қамауда ұсталуға немесе қуғынға ұшыратылуға тиіс емес. 10 бап Әр адам, өзінің құқықтары мен міндеттерін анықтап, өзіне тағылған қылмыстық айыптаудың негізділігін белгілеу үшін, ісі толық теңдік негізінде, әділеттік талаптарға сай, тәуелсіз және әділ сот арқылы ашық қаралуына құқығы бар. 11 бап 1. Қылмыс жасады деп айыпталған әр адам, қорғану құқығы қамтамасыздандырылып, заңды және ашық сот талқылауы оның кінәсін толық анықтағанға дейін, кінәсіз деп есептелуге құқығы бар. 2. Ешкім де жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі негізінде, егер ол әрекеті ұлттық заңдар мен халықаралық құкық бойынша қылмыс болып саналмаса, жауапқа тартылмайды. Сонымен қатар қылмыс үшін берілген жаза, қылмыс жасалған кезде заңмен көзделген жазадан ауыр болмауға тиіс. 12 бап Ешкім өзінің жеке және отбасылық өміріне өзгелердің өз бетінше араласуына, тұрғын үйіне, хат-хабарларының құпиясына қол сұғылмауына немесе абыройы мен беделіне өз бетінше нұқсан келтіруіне ұшырамауға тиіс. Әр адамның осындай араласудан немесе осындай нұқсан келтірулерден заң арқылы қорғалуға құқығы бар. 13 бап 1. Әр адамның әр мемлекеттің ішінде жүріп-тұруына және өз қалауынша тұратын мекен-жайды таңдауына құқығы бар. 2. Әр адам кез келген елден, соның ішінде өзінің туған елінен, басқа елге қоныс аударуға және өз еліне қайтып оралуға құқылы. 14 бап 1. Әр адамның қуғынға ұшыраған жағдайда, басқа елдерден баспана іздеп және сол баспананы пайдалануға құқығы бар. 2. Бұл құқық шынтуатында саяси емес қылмыстың негізінде, немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қайшы келетін әрекеттері үшін қуғындалғандарға жүрмейді. 15 бап 1. Әр адамның азаматтыққа құқығы бар. 2. Ешкімді де азаматтығынан немесе азаматтығын өзгерту құқығынан еріксіз айыруға болмайды. 16 бап 1. Кәмелеттік жасқа толған ерлер мен әйелдер өздерінің нәсіліне, ұлтына, дініне қарамастан некеге тұрып, отбасын құруға құқылы. Олар некеге тұрған, некеде болған және ажырасқан кезде бірдей құқықтарды пайдаланады. 2. Неке, тек екі жақтың өзара еркін және толық келісімі бойынша ғана қиылады. 3. Отбасы қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып табылады, және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы. 17 бап 1. Әр адамның дүние мүлікті жеке өзі, немесе басқалармен бірлесіп иемденуге құқығы бар. 2. Ешкім де өз мүлкінен еріксіз айрылмауға тиіс. 18 бап Әр адам ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін немесе наным-сенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін, наным-сенімін жеке өзі, немесе басқа адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде, немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды. 19 бап Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды. 20 бап 1. Әр адамның бейбіт жиналыстар және ассоциацияаларды құру бостандығына құқығы бар. 2. Ешкімді де белгілі бір ассоциацияға зорлықпен кіргізуге болмайды. 21 бап 1. Әр адамның, өз елін басқару ісіне тікелей өзі, немесе ерікті түрде сайланған өкілдері арқылы қатысуға құқығы бар. 2. Әр адам өз елінде мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізуге құқылы. 3. Халықтың еркі үкімет билігінің негізі болуы тиіс; бұл ерік мерзімді және бұрмаланбаған сайлау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сайлау жалпыға бірдей тең сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру жолымен, немесе осы сияқты сайлау бостандығын қамтамасыз ететін басқа да, осы мәндес әдістер арқылы өткізілүі тиіс. 22 бап Әр адам, қоғам мүшесі ретінде, әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына және оның қадір-қасиеті қолдау табуына, жеке басы еркін кемелденуіне қажетті экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалар бойынша құқықтары әрбір мемлекеттің құрылымы мен ресурстарына сай, ұлттық ыкпал және халықаралық ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылуына құқығы бар. 23 бап 1. Әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына, жұмыссыздықтан қорғалуына құқығы бар. 2. Әр адамның құндылығы тең еңбегі үшін, нендей бір кемсітусіз, тең еңбек ақы алуына құқығы бар. 3. Жұмыс істеп жүрген әр адам өзінің және отбасының ылайықты өмір сүруін қамтамасыз ететіндей әділ және қанағаттанарлық, және, қажет болған кезде, басқа әлеуметтік қамсыздандыру құралдары арқылы толықтырылып отыратын, сый-сияпатқа құқылы. 4. Әр адам кәсіподақтарын құруға және өз мүдделерін қорғау үшін, кәсіподақтарына кіруге құқылы. 24 бап Әр адам тынығуға және мәдени демалуға, оның ішінде ақылға қонымды шектеулі жұмыс күніне және мерзімді ақылы демалысқа, құқылы. 25 бап 1. Әр адам өзінің және отбасы мүшелерінің денсаулығын әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей, тамақты, киімді, баспананы, медициналық күтімді қамтитын өмір сүру деңгейіне құқылы және де жұмыссыз қалған күнде, науқас болған кезде, мүгедек болып қалған, жесір болып қалған күнде, қартайған шақта, немесе өзіне байланысты емес басқа да себептермен тіршілік ету мүмкіншілігінен айырылып қалған жағдайда қамсыздандырылуына құқылы. 2. Ана және нәресте болу жағдайы айрықша қамқорлық пен көмек алуға құқық береді. Балалардың бәрі, некелі немесе некесіз туған, бірдей әлеуметтік қорғауды пайдаланады. 26 бап 1. Әр адамның білім алуға құқығы бар. Білім беру, ең болмағанда бастауыш және жалпы білім, тегін болуы тиіс. Бастауыш білім баршаға міндетті болуы тиіс. Техникалық және кәсіптік білім көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс және жоғары білім де, әркімнің қабілетіне қарай көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс. 2. Білім беру адамның жеке басының толық кемелденуіне және құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыруға бағытталуы тиіс. Білім беру барлық ұлттар, нәсілдік және діни топтары арасында түсіністік, шыдамдылық пен достық қарым-қатынас орнатуға ықпал жасап және Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қуаттау жолындағы жұмысына ықпал жасап, дем беруі тиіс. 3. Ата-аналардың өздерінің жас балаларына білім беру түрін таңдауда құқығы басымды. 27 бап 1. Әр адам қоғамның мәдени өміріне еркін қатысуға, өнерден рахат-ләззат алуға, ғылыми прогреске ат салысуға әрі оның игілігін пайдалануға құқылы. 2. Әр адам өзі автор болып табылатын ғылыми еңбегінің, әдеби немесе көркем шығармаларының нәтижесінде туындайтын рухани және материалды мүдделерін қорғауға құқылы. 28 бап Әр адам осы декларацияда баянды етілген құқықтар мен бостандықтарды толық жүзеге асыра алатын әлеуметтік және халықаралық тәртіпке құқылы. 29 бап 1. Әр адамның, адам баласының еркін және толық кемелденуіне мүмкіншілік беретін қоғам алдында міндеттері бар. 2. Өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әр адам тек басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде тану және құрметтеу мақсаты көзделген жағдайда ғана және демократиялық қоғамдағы моральдің, қоғамдық тәртіп пен игіліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсаты көзделген жағдайда ғана, заңмен белгіленген шектеуге ұшырауы тиіс. 3. Осы бостандықтар мен құқықтарды жүзеге асырылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қайшы келмеуі тиіс. 30 бап Осы Декларациядағы ешбір қағида қайсыбір мемлекетке, адамдар тобына немесе жеке адамдарға аталмыш Декларацияда баянды етілген құқықтар мен бостандықтарды жоятын қызметпен айналысу немесе іс-әрекет жасау құқығын береді деп пайымдалуы тиіс емес. © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚОРШАҒАН ОРТАҒА, АДАМНЫҢ ӨМІРІНЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЫҚТИМАЛ ӘСЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсынылды "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағызейнетақы активтерінің жалпы көлемі28 267,61млрд теңгеніқұрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 633,21 млрд теңгені[1]құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 428,29млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері206,11млрд теңгеніқұрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,34%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,27%, ҚРҰБ депозиттері – 2,63%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,33%, МҚҰ – 1,00%. Активтердің 37,62%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,86%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,13%. Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 693,73млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 14,15млрд теңгені, өзге кірістер – 3,48 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 706,33 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 2,64%-ды құрады. 2026 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,52%, ҚРҰБ депозиттері – 3,34%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 115,80 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 23,59 млрд теңге кіріс әкелді. 2026 жылғы ққазанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 173,20 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 19,15%. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелініңегжей-тегжейлі құрылымыжәне инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойыншапортфель құрылымытуралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 206,11млрд теңге. 2026жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 32,66 млрд теңге. Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%,РЕПО – 17,21%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 11,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,95%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,10%,шет мемлекеттердің МБҚ – 5,78%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,86%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,48%, МҚҰ – 1,70%. Атап кетейік, портфельдің 61,32% теңгемен, 38,22% АҚШ долларымен, 0,46% басқа валюталардаұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 9,46%. "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелініңегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2026жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 29,57 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 19,07%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 18,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,74%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,44%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар– 5,62%,активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,17%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,68%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 82,13%-ын, АҚШ долларымен 17,87%-ын құрайды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,75%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2]сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,21 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,04%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 9,75%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,95%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,64%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,67%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 7,15%,ҚРҰБ ноттары – 7,98%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 6,06%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,59%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,79%-на, АҚШ долларымен – 36,21%. Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 7,92%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 91,95 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 16,53%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,97%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 10,61%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,38%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,82%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 8,33%,Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 6,70%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,76%, МҚҰ – 1,68%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 66,95%, АҚШ долларында – 33,05% инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,22%. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,87 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 34,67%, Репо – 15,98%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,47%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,88%, АҚШ долларымен – 38,12% инвестицияланды. "Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 0,00% құрады. "Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 43,85млрд теңге. ҚР ЕДБ облигацияларына – 33,30%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 13,44%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,05%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,88%,РЕПО – 7,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,03%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,82%,ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,17%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 1,30% инвестицияланды. Ұлттық валютада портфельдің 77,71%-ы, АҚШ долларында 22,29%-ы инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,95%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойыншаinvest.enpf.kzбірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1]зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда [2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайды

    Жарияланды: