Аудан әкімі Кенеш Әлімжанов Тимашевка, Ақан Құрманов және Сергеевка ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесулер өткізді.

    5 қараша күні аудан әкімі Кенеш Әлімжанов Тимашевка, Ақан Құрманов және Сергеевка ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесулер өткізді. Кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтіп, атқарылған жұмыстар, шешімін күткен мәселелер және ауылдардың өмір сүру сапасын жақсарту бағыттары талқыланды. Ауыл әкімдері өздері атқарған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде аудан әкімі қызметінің қорытындыларына тоқталып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер мен басым бағыттарды атап өтті. Кездесулердің басты тақырыбы- ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер болды,атап айтқанда, жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және әлеуметтік нысандардың жұмысы талқыланды. Бірқатар мәселе салалық қызмет басшыларының қатысуымен сол жерде шешімін тапты. Демографиялық жағдайға да ерекше назар аударылды. Аудан әкімі тұрғындардың туған ауылдарында тұрақтап қалуы үшін қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте мал шаруашылығын, құс шаруашылығын және жеке кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға әрі ауыл экономикасын нығайтуға мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасының маңызы зор. Ақан Құрманов ауылында модульдік кітапхана ашылды. Салтанатты түрде қызыл лентаны аудан әкімі Кенеш Әлімжанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыржан Мусабеков қиды. Жаңа кітапхана жарық әрі жайлы кеңістікке айналған. Ол теледидармен, Wi-Fi желісімен, интернетпен және дамытуға арналған ойындармен жабдықталған. Енді ауыл балалары үшін кітап оқып, білімін жетілдіріп, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған заманауи орын бар. Сонымен қатар аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

    Үш ауылда өткен кездесулер әрбір елді мекеннің өзіндік қажеттіліктері мен шешімін күткен мәселелері бар екенін көрсетті. Тұрғындардан түскен барлық өтініш-тілектер бақылауға алынып, бірқатар мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары