Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігі 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігіконкурс өткізу туралы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткенсоң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 7 желтоқсандағы бастап 2026 жылғы 28 желтоқсандағы қоса алғанда, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 81-үй, « Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі » ММ мекен жайы бойынша жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2026 жылғы 29 желтоқсандағы сағат 10:00 де, Ақмола облысы, Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі,67-үй мекен-жайы бойынша шығарылады
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




