ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӨКПЕ АУРУЛАРЫН АНЫҚТАУҒА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗІЛУДЕ

    ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӨКПЕ АУРУЛАРЫН АНЫҚТАУҒА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗІЛУДЕ
    Туберкулезге қарсы қызметті цифрландыру және өкпе ауруларын ерте анықтау мақсатында өңірде ЖИ технологиясын енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
    ҚР Президентінің тапсырмасы аясында қолға алынған бұл жоба Еуропа мен Орталық Азия өңірінде алғаш рет біздің аймақта флюорографиялық және рентгенографиялық зерттеулер негізінде кеуде қуысы патологияларын анықтауға бағытталған. Жоба Жаһандық қордың гранты есебінен қаржыландырылады.
    Облысқа жұмыс сапарымен келген « Qure.ai Technologies» халықаралық компаниясының өкілдері мен жоба мамандары басқарма басшысы Сержан Назарбекпен кездесті.
    Кездесуде жасанды интеллектіні клиникалық тәжірибеге енгізу, туберкулез, өкпе обыры және басқа да өкпе ауруларын ерте диагностикалау мүмкіндіктері талқыланды. Басқосуға « Qure.ai Technologies» компаниясының өкілдері Андрей Мощняга мен Кингшук Мисра, сондай-ақ ҚР Ұлттық ғылыми орталығының директоры М.М. Аденов, Жаһандық қор жобасының өкілдері және отандық IT-мамандар қатысты.
    Кездесуде өңірдің инфрақұрылымдық және техникалық дайындығы айтылып, жасанды интеллект негізіндегі компьютерлік диагностиканы медициналық ұйымдарға енгізу мәселелері қарастырылды.
    Жаңа технология рентгенологиялық зерттеулерді талдаудың тиімділігін арттырып, өкпе патологияларын ерте кезеңде анықтауға, диагностикалау уақытын қысқартуға және медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары