БАЛАЛАР КАРДИОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Тараз қаласында өтіп жатқан «TARAZ PEDIATRIC HEART FORUM» халықаралық конференциясының екінші күні балалардағы жүрек ырғағының бұзылыстарын диагностикалау және емдеу мәселелеріне арналды.
Кәсіби пікірталасқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусь Республикасының, сондай-ақ UMC орталығының жетекші мамандары қатысып, балалар аритмологиясының өзекті бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.
Талқылау барысында интервенциялық аритмологияның инновациялық әдістері, радиожиілікті аблация, электропорация технологиясы, нәрестелерге арналған заманауи антиаритмиялық терапия және жүректі физиологиялық ынталандыру тәсілдері кеңінен қарастырылды.
Мамандар жүрек ырғағының бұзылыстарын ерте анықтау, тиімді емдеу технологияларын тәжірибеге енгізу және күрделі кардиологиялық патологиялары бар балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









