ӨКІЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

    1 / 2
    2026 жылдың 5 қараша күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында ауылдық округ әкімдеріне «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: заманауи реформалар, оның ішінде адам құқықтары саласындағы реформалар мен стандарттар» тақырыбында дәріс өткізді.
    Дәріс барысында Б.Ұ.Байхожаев Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы реформалар, адам құқықтары туралы Халықаралық құжаттар, адам құқықтарының стандарттары, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қоғам мен мемлекет дамуындағы рөлі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
    Сонымен қатар, Өкіл Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы негізгі өзгерістерге тоқталып, олардың адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, әділдік қағидаттарын күшейтуге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
    Сондай-ақ дәріс барысында практикалық жағдайлар талқыланып, дәріс тыңдаушылары өз пікірлерін білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі" жаңалықтары