Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиевтің төрағалығымен өткен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерді марапаттау іс-шарасына қатысты.
Іс-шара барысында «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері туралы үлгілік ереженің» жаңа редакциясы түсіндіріліп, енгізілген негізгі өзгерістерге назар аударылды. Сонымен қатар, комплаенс-офицерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы озық тәжірибелермен бөлісу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған бірыңғай жұмыс тәсілдерін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша Департамент басшысы және Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін үлгілі атқарып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосқан қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.









