ӨКІЛ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

    1 / 4

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

    Бару барысында Өкіл мекеменің қызметімен танысып, материалдық-техникалық базасын, қызмет алушылардың болу жағдайларын, оңалту және ем-шара кабинеттерінің жабдықталуын, сондай-ақ емдеу-оңалту үдерісінің ұйымдастырылуымен танысты.

    Ерекше назар мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына аударылды.

    Мониторинг қорытындысымен Орталықта қызмет алушылардың жағдайын жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар жолданатын болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі" жаңалықтары