2026 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің Достық үйінде өткен көшпелі отырысына қатысты.
Отырыста мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі талаптарының бұзушылықтарының профилактикасы, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, тәртіптік практиканы талдау және тәртіптік істерге қатысты мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселелер аясында Қызылорда қаласы әкімдігінің, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі талаптарының бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстарының қорытындылары тыңдалды. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар, қызметкерлер арасында жүргізілген анонимдік сауалнама арқылы анықталған мәселелер және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, 2026 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша тәртіптік практиканы талдау нәтижелері негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелері қаралды. Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану кезінде заңнама талаптарының сақталуы, тәртіптік жауапкершілікке тартудың негізділігі және мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне назар аударылды. Атап айтқанда, қызметкерлерге қатысты негізсіз қолданылған тәртіптік жазалар мәселесі көтеріліп, олардың күшін жою қажеттігі айтылды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе аясында Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралып, мән-жайлар талқыланып, тиісті шешім қабылданды.









