АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСУДА

    1 / 2
    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Астана қаласында өтіп жатқан «Адам саудасына қарсы іс-қимыл: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі» тақырыбындағы тренингке қатысуда.
    Іс-шара Еуропа Кеңесінің жобасы аясында ұйымдастырылып, адам саудасының құрбандарын анықтау, зардап шеккендердің құқықтарын қорғау және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған.
    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық баяндамашының функциялары жүктелді. Осыған байланысты адам саудасына қарсы іс-қимыл шараларына мониторинг жүргізу, зардап шеккендерді қорғау тетіктерінің тиімділігін бағалау және осы бағыттағы жүйені жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу мәселелерінде Омбудсмен институтының әлеуетін нығайту ерекше маңызға ие.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі" жаңалықтары