1 / 10
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Кентау қаласындағы Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық және дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, жастардың бойында адамгершілік пен азаматтық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Кездесуді Кентау қалалық Руханият орталығының директоры Қайырбеков Әділбек Алиакбарұлы жүргізді. Алғашқы сөз кезегінде Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы қоғамдағы рухани тәрбиенің маңызына тоқталып кездесуді ашып берді.
Сонымен қатар, жиында:
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы;
Жайдарманшы, блогер Ердехан Хамит Сапарбайұлы;
Блогер Жаманқұлов Бақдаулет Сакенұлы;
Блогер, Jake Tau лақап атымен танымал Қабылбай Жақсыбек Нұрділлаұлы сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында ұлттық тәрбие, дәстүр сабақтастығы, діни сауаттылық, жастардың қоғамдағы рөлі және рухани иммунитетті қалыптастыру мәселелері қозғалды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында «Қаралы күннің қаһарманы» атты деректі фильм көрсетіліп, көрермендерге тағылымды ой салды.
Рухани құндылық – қоғамның берік іргетасы. Ұлттық болмысымызды сақтау, ізгілік пен татулықты дәріптеу – баршамызға ортақ міндет.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









