КЕНТАУДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Салтанатты шара барысында 4 ана «Алтын алқа», 7 ана «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері атанды.
Қала әкімі көпбалалы аналарды құттықтап, олардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлінің ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ ұрпақ тәрбиесіне бар өмірін арнаған аналардың еңбегі демографиялық тұрақтылықтың, отбасылық береке мен қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығының негізі екенін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде Кентау қаласында 4 614 көпбалалы ана бар. Оның ішінде 533 ана «Алтын алқа», 1 169 ана «Күміс алқа» иегері. Сонымен қатар 19 ана «Ана даңқы» орденінің І және ІІ дәрежесімен, 38 ана «Батыр ана» атағымен марапатталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









