Байқау кеңесінің отырысы өтті
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында Байқау кеңесінің отырысы өтіп, онда медициналық ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне және алдағы даму бағыттарына қатысты мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі - 2026 жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша орталықтың басшы қызметкерлеріне төртінші тоқсанға арналған лауазымдық үстемеақылар мен ынталандыру төлемдерінің мөлшерін бекіту болды.
Сондай-ақ, комплаенс-офицердің 2026 жылы атқарған жұмыстары, өткізілген іс-шаралар, анықталған тәуекелдер және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы есебі тыңдалды.
Бұдан бөлек, орталықтың 2027–2031 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму жоспарының жобасы қаралды. Жоба Байқау кеңесімен келісілгеннен кейін денсаулық сақтау басқармасының басшысына бекітуге ұсынылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









