БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ЕРТЕ БАСТАН ҚОЛДАУ: ТАРАЗДА ПАТРОНАЖ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ
Баланың денсаулығын қорғау тек медициналық тексерумен шектелмейді. Оның қауіпсіз ортада өсіп, үйлесімді дамуы үшін отбасына дер кезінде қолдау көрсету де маңызды. Осы бағытта Тараз қаласындағы №5 қалалық емхана базасында «Ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі» тақырыбында бағдарлау семинары өтуде.
Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған. Семинарды әмбебап прогрессивті патронаждық модель бойынша ұлттық тренер Наталья Ким жүргізуде. Оған аудандық ауруханалар мен Тараз қаласындағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының бас дәрігерлері және олардың орынбасарлары қатысуда.
Оқытудың негізгі мақсаты – медициналық ұйым басшыларының патронаждық қызметті тиімді ұйымдастыру, жаңа модельді тәжірибеге енгізу және оның сапасын бағалау бойынша кәсіби құзыреттерін жетілдіру.
Семинарда баланың қажеттілігін ерте анықтау және отбасыға жеке қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Қатысушылар баланың денсаулығы мен дамуына әсер ететін қауіп факторларын бағалау, патронаж мамандарының жұмысын үйлестіру, ведомствоаралық байланысты нығайту және көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау тетіктерін қарастыруда.
Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, әмбебап прогрессивті модельді медициналық ұйымдардың жұмысына енгізу жолдары талқылануда.
Бұл модельдің ерекшелігі – әр отбасының қажеттілігін ескере отырып, қолдауды саралап көрсету. Яғни патронаж қызметі баланың денсаулығын бақылаумен қатар, оның қауіпсіздігіне, күтіміне және үйлесімді дамуына ықпал ететін жағдайларды бағалауға мүмкіндік береді.
БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ЕРТЕ БАСТАН ҚОЛДАУ: ТАРАЗДА ПАТРОНАЖ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ
Ұқсас материалдар

Камералдық бақылау жүргізу тәртібі
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Шот-фактураларды жазу ережелері жаңартылды
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Сәтбаевта «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ұлытау облысының әкімдігіАшу
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДА АТАЛҒАН МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШИКІЗАТТАН ДАЙЫН ӨНІМГЕ ДЕЙІНГІ ӨНДІРІС ЖҮЙЕСІ ҚАЛЫПТАСУДА
Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ОТЫРАРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары

Ардагерлерге қамқорлық - басты назарда
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасыАшу
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕКТІҢ УЧАСКЕЛІК ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫНА ҮЗДІКСІЗ ЕҢБЕК ӨТІЛІ ҮШІН ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасыАшу
Медицина мамандарын қолдау -халық денсаулығына салынған инвестиция
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасыАшу
Республика күні қарсаңында Жамбыл облысының 35 медицина қызметкері марапатталды
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасыАшу
Жамбылдық дәрігер мемлекеттік марапатқа ие болды
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасыАшу