Республика күні қарсаңында Жамбыл облысының 35 медицина қызметкері марапатталды

    Республика күні қарсаңында Жамбыл облысының 35 медицина қызметкері марапатталды

    Республика күніне орай Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген 35 маман мемлекеттік және өңірлік наградаларға ие болды. Марапаттарды Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек табыстады.

    Марапатталғандардың қатарында облыстық және аудандық медициналық ұйымдардың дәрігерлері, орта буын медицина қызметкерлері мен өзге де сала мамандары бар. Олар денсаулық сақтау жүйесінің түрлі бағытында еңбек етіп, тұрғындарға медициналық көмек көрсету ісіне үлес қосып келеді.

    Атап айтқанда, 6 маман «Еңбек ардагері» медалімен, 4 қызметкер «Санжар Асфендияров» медалімен, 6 маман «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ 11 медицина қызметкеріне «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, 4 маманға Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Бұдан бөлек, 1 қызметкер облыс әкімінің Құрмет грамотасына, 3 маман Алғыс хатқа ие болды.

    Медицина саласындағы қызмет терең білімді, кәсіби біліктілікті және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Адам өмірі мен денсаулығын қорғауды мұрат еткен мамандардың еңбегін бағалау – олардың кәсіби жетістіктерін мойындап қана қоймай, саладағы тәжірибе мен сабақтастықты дәріптеудің де маңызды көрінісі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары