Азаматтардың өтініштері жеке қабылдауда қаралды

    Азаматтардың өтініштері жеке қабылдауда қаралды

    Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың денсаулық сақтау саласына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

    Қабылдау барысында медициналық көмектің қолжетімділігі, пациенттерді қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету және емдеу мекемелерінің жұмысына қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

    Атап айтқанда, Байзақ ауданы мен №5 қалалық емханаға қатысты өтініштер қаралды. Тұрғындар медициналық құралдармен қамтамасыз ету, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі және қызмет көрсету сапасына байланысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар №8 қалалық емханада дәрігерлердің портал арқылы қабылдау жүргізуіне қатысты сұрақтар талқыланды.

    Қабылдау кезінде медициналық ұйымдардың ішкі жұмысын ұйымдастыруға байланысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Жамбыл аудандық орталық ауруханасындағы еңбекақы мәселесі және облыстық көпбейінді балалар ауруханасы қызметкерлері арасындағы өзара түсініспеушілік сөз болды.

    Басқарма басшысы әрбір өтініштің мән-жайын мұқият зерделеп, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. Азаматтардың өтініштерін назарға алып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары