ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 210 ЖҰП БЕЙНЕЖЕТОН САТЫП АЛЫНДЫ
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру бағытында Жамбыл облысында жаңа өзгерістер қолға алынуда.
Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына жергілікті әкімдіктің қолдауымен 210 жұп бейнежетон сатып алынды.
Заманауи құрылғылар жедел жәрдем бригадаларының жұмысын аудио-бейнежазбаға түсіруге мүмкіндік береді. Жазба шақырту орнына барған кезде және пациентті медициналық ұйымға жеткізу барысында жүргізіледі.
Бейнежетондарды енгізудің басты мақсаты - медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту, олардың құқықтарын қорғау және қызмет көрсету барысында туындауы мүмкін даулы жағдайлардың алдын алу. Сонымен қатар аудио-бейнежазбалар оқиғалардың мән-жайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері күн сайын түрлі жағдайда, кейде адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін күрделі оқиғалар кезінде жұмыс істейді. Сондықтан, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сапалы, әрі уақтылы медициналық көмек көрсетудің маңызды шарттарының бірі.
Жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылған бұл қадам жедел жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және медицина мамандары үшін қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Медицина қызметкерінің қауіпсіздігі - халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен тиімділігінің маңызды кепіл








