Талас ауданында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар сараланды

    Талас ауданында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар сараланды

    ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Талас ауданына барып, аудандық аурухананың қызметімен танысты.

    Сапар барысында оған Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасының материалдық-техникалық базасы, кадрлық әлеуеті және медициналық қызмет көрсету сапасы таныстырылды.

    Вице-министр мекемеде жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарын және төсек қорын ұлғайту жоспарын зерделеді. Қазіргі 136 төсек-орынды 31-ге арттырып, жалпы сыйымдылықты 167-ге жеткізу көзделген. Жаңа орындар травматология, босандыру, инсульт, хирургия және малоинвазивті хирургия (ЧКВ орталығы) бағыттары бойынша ашылмақ. Бұл стационарлық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ, ауруханаға 1,5 Тесла қуатындағы МРТ аппараты мен ангиограф сатып алу жоспарымен танысты. Аталған жабдықтар жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлерін аудан деңгейінде дамытуға бағытталған.

    Кездесуде медициналық ұйымның қаржылық жағдайы, кадрмен қамтылуы, тұрғындардың өтініштері мен шағымдары да талқыланды. 2026 жылы тіркелген өтініштер саны өткен жылмен салыстырғанда 14-ке азайған.

    Бұдан бөлек, вице-министр ескі емхана ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары мен МРТ аппаратына арналған жапсаржай құрылысының барысын көріп, ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мәселесіне назар аударуды тапсырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары