Таразда медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері бойынша оқыту өтуде

    Таразда медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері бойынша оқыту өтуде

    «ACCREDITATION CENTER FOR QUALITY IN HEALTHCARE» қоғамдық бірлестігінің (Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы) ұйымдастыруымен «Complaint 360°: Шағымнан сапаға, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа» тақырыбында екі күндік практикалық семинар өтуде.

    Іс-шара медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіруге, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу сапасын жақсартуға бағытталған.

    Семинарға қатысушылар шағымдарды талдаудың заманауи әдістерін, проблемаларды анықтау, тәуекелдерді басқару және қайталанатын жағдайлардың алдын алу жолдарын меңгеруде. Бағдарлама практикалық тапсырмаларды орындауды, нақты жағдайларды талдауды және басқарушылық шешімдер әзірлеуді қамтиды.

    Алынған білім мен тәжірибелік құралдар медициналық ұйымдарға ішкі жұмыс үдерістерін жетілдіруге, пациенттермен өзара байланысты жақсартуға, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары