Облыстық музейде Ұлттық валюта күніне орай танымдық сағат өтті

    1 / 3

    Осы айтулы күнге орай Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Теңге – тәуелсіздік символы» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері – музей практиканттары мен Талдықороған қалалық №2 орта-мектебінің9 сынып оқушылары қатысты.

    Танымдық сағат барысында оқушылар ұлттық валютаның тарихымен, теңгенің қалыптасу кезеңдерімен және оның ел тәуелсіздігін нығайтудағы маңызымен танысты. Сонымен қатар, танымдық ойындар ойнатылды. Оқушылар қызықты тапсырмаларға белсене қатысып, өз білімдерін ортаға салып, білім сайысында бақ сынады.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары