«Үздік ардагер кітапханашы – 2026» облыстық байқауы өтті

    1 / 4

    Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ардагер кітапханашылардың көпжылдық кәсіби тәжірибесін, шығармашылық ізденістері мен салаға сіңірген еңбегін насихаттау, кітапханашы мамандығының мәртебесін арттыру, сондай-ақ жас мамандарға үлгі-өнеге көрсету мақсатында «Үздік ардагер кітапханашы – 2026» облыстық байқауыөтті.

    Байқауға облыстың 8 аудан-қаласынан ардагер кітапханашылар қатысып, өздерінің еңбек жолы мен кәсіби жетістіктерін, кітапхана саласының дамуына қосқан үлестерін таныстырды.

    Байқау қорытындысы бойынша «Үздік ардагер кітапханашы – 2026» атағы Алакөл аудандық орталық кітапханасының библиографы Бодауова Айгүл Қабидоллинаға берілді.

    Байқау – кітапхана саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер мамандардың еңбегін дәріптеп, олардың бай тәжірибесін кейінгі буынға жеткізуге бағытталған тағылымды шара болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары