«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ніңШақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінің қызметкері 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Біздің құқығымыз – біздің болашағымыз» атты құқықтық турнир өткізді.
Іс-шара басында кітапхана қызметкері заңдарды, құқықтар мен міндеттерді білу, әрбір адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Сонымен қатар заңды құрметтеу, белгіленген нормаларды сақтау және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау әрбір азаматқа қоғамдағы өз рөлін сезінуге көмектесетінін жеткізді. Ерекше назар баланың құқықтарына, сондай-ақ өзгелердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қажеттілігіне аударылды.
Құқықтық турнир барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, баланың құқықтары, азаматтардың міндеттері және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке қатысты сұрақтарға жауап берді.
Турнир бағдарламасы «Заңды білесің бе?», «Өз құқығыңды біл!», «Кім тапқыр?», «Ойлан, тап!» және «Заң бәрімізге ортақ» атты бес тақырыптық кезеңді қамтыды. Әр кезең барысында қатысушылар құқықтық тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, балалардың құқықтары мен міндеттерін анықтады, ситуациялық есептерді шешті және түрлі өмірлік жағдайларды заң тұрғысынан талқылады.
Іс-шара соңында құқықтық турнирдің қорытындысы шығарылды.
Қалалық орталық кітапхана
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









