«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері №16 мектептің 10-шы сынып оқушыларының қатысуымен Австралия жазушысы Стефан Цвейгтің туғанына 145 жыл толуына арналған «Стефан Цвейг әлемі» атты виртуалды көрме өткізді.
Іс-шара басында кітапхана қызметкерлері Стефан Цвейгтің өмірі мен әдеби мұрасына арналған бейнематериал ұсынып, жазушының шығармашылық жолы туралы кеңінен баяндады.
Әрі қарай Стефан Цвейгтің әр түрлі жанрдағы және шығармашылық кезеңдеріндегі туындылары қойылған «Стефан Цвейг әлемі» атты виртуалды көрме таныстырылды. Көрмеден жазушының «Амок», «Бейтаныс әйелдің хаты», «Шахмат новелласы», «Жүрек сыздауы», «Әйел өміріндегі жиырма төрт сағат», «Психика және ем: Месмер, Бекер-Эдди, Фрейд» және басқа да шығармаларымен танысуға мүмкіндік берілді.
Стефан Цвейгтің әдеби мұрасымен танысу барысында оның шығармашылығының басты тақырыптары адам сезімі, адамгершілік таңдау, махаббат, жауапкершілік, тағдыр және тұлғаның ішкі қайшылықтары екені атап өтілді. Сондай-ақ қатысушылар «Амок» пен «Шахмат новелласы» психологикалық новеллалары мен «Бальзак» өмірбаяндық шығармасының тақырыптарын талқылап, өз ойларымен және алған әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара соңында «Цвейгті қаншалықты жақсы білесің?» атты зияткерлік викторина, сұрақ-жауап форматындағы танымдық ойын және «Бір кітап – бір әсер» атты әдеби ойын өткізілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, оқыған шығармаларының мазмұнына жүгініп, өз пікірлерін ортаға салды.
Қалалық орталық кітапхана
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








