Әдеп кодексінің талаптарын сақтау туралы

    1 / 5

    Құқықтық мәдениетті арттыру және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Е.С. Турсын мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген, сондай-ақ мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.Іс-шара аясында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді.

    Жиында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде адалдық, объективтілік, кәсібилік және жауапкершілік қағидаттарын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға мемлекеттік қызметте болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, заңсыз сыйақыларды қабылдамау, сондай-ақ қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу қажеттігі еске салынды.

    Сонымен қатар лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) алдын алу мәселелері де қарастырылды. Мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындардың әлеуметтік, психологиялық және қаржылық тұрғыдан кері салдары, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің қызметтік міндеттерді адал орындауға, қызметтік тәртіпке және мемлекеттік қызметшінің беделіне тигізетін теріс әсері түсіндірілді.

    Кездесуқорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтау, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау барысында ашықтық, адалдық және жоғары жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алу қажеттігі атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары