1 / 5
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесуге қала әкімдігінің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері және «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері қатысты.
Азаматтар тарапынан аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымы және жер қатынастарына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
Әр тұрғынның өтініштері бойынша түсіндірме беріліп, қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








