Семейде мүгедектігі бар азаматтарды қолдау мәселелері талқыланды

    1 / 6

    Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, инспекторлар және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

    Күн тәртібінде мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт түрлерін дамыту, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралды.

    🔹Семейде мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы жұмыс істейді. Қазіргі таңда клубта спорттың 19 түрі бойынша 253 спортшы жаттығады. Олардың 72-сі ұлттық құрама командалардың құрамына енген. Клубта 19 жаттықтырушы қызмет атқарып, 48 оқу-жаттығу тобы жұмыс істейді. Бұл көрсеткіштер қалада бейімделген спортты дамытуға және спортшылардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

    🔹Жиында мүгедектігі бар азаматтардың күнделікті өміріне қолайлы жағдай жасау, олардың әлеуметтік нысандарға кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мәселелеріне де назар аударылды. Бүгінде қалада 21 көлікпен «Инватакси» қызметі көрсетіледі. Сондай-ақ 53 нысан мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделіп, олар туралы мәліметтер қолжетімділіктің Invagov.kz интерактивті картасына енгізілген.

    Қала әкімі аталған бағыттағы жұмыстардың нәтижесі азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер етуі тиіс екенін атап өтті.

    «Мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар күшейтілуі қажет. Әрбір өтініштің артында адамның күнделікті қажеттілігі мен шешімін күткен мәселесі тұрғанын ескеруіміз керек.
    Жұмыс іздеп жүгінген, бірақ әлі тұрақты жұмысқа орналаспаған азаматтардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, олардың жұмысқа орналасуына кедергі келтіретін себептерді анықтау қажет. Біліміне, кәсіби дағдылары мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсыну, қажет болған жағдайда кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағыттау маңызды. Бұл ретте жұмыс берушілермен байланысты күшейтіп, азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына нақты қолдау көрсету керек», — деді Әділет Нұрсағатұлы.



    Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты бөлімдерге мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шараларын жүйелі жалғастыруды, жұмыспен қамту бағытындағы жеке жұмысты күшейтуді және көрсетілетін қызметтердің сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

    📷 inst | 🗳 fb | 🌐 gov.kz

    #СемейҚаласыныңӘкімдігі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары