Табиғатты қорғау ғана емес, ол туралы әсерлі әңгімелей білу де маңызды!
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50 маман Алматыға не үшін жиналды? Бұл жолы олар табиғатты зерттеуге ғана емес, оның қызықты оқиғаларын камера арқылы жеткізуді үйренуге келді!
Іле-Алатауы ұлттық паркі мен Бас Ботаникалық бақ нағыз шығармашылық алаңға айналды.
GREEN SCIENCE KZ жобасы аясында өткен визуалды сторителлинг тренингіне 13 ұлттық парк, 8 қорық, 6 резерват, 2 мемлекеттік ботаникалық бақ, «Қазорман» және «Жасыл Аймақ» кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
3–15 қараша аралығындағы онлайн оқудан кейін қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолданды.
Камера, жарық, дыбыс, композиция, сценарий, монтаж… Мамандар бірде оператор, бірде режиссер, енді бірде сценарист пен редактор рөлін атқарды!
Визуалды коммуникацияның қыр-сырын қатысушыларға медиатренерлер Марат Садықов, Гүлім Әмірханова және National Geographic фотографы Ануш Бабаджанян үйретті.
Ал нәтиже қандай?
17 қарашада қатысушылар өздері түсірген 11 бейнероликті қорғады!
Экранда Ботаникалық бақ құстарының тіршілігі, мемлекеттік инспектордың бір күні, «Аюсай» визит-орталығы, ғылыми зерттеулер, орманды қалпына келтіру, өсімдіктерді клондау, табиғат аясындағы жауапты демалыс және басқа да қызықты тақырыптар көрініс тапты.
Түсірілген жұмыстарды тренерлермен бірге талқылап, оқиғаны әсерлі жеткізу, көрермен назарын ұстап тұру және монтаж сапасын арттыру жолдарын қарастырды.
Бұл жай ғана мобилография сабағы емес! Бұл — табиғатты күн сайын қорғап жүрген мамандардың өз жұмысы мен табиғаттың таңғажайып әлемін көпшілікке жаңа қырынан таныстыруға жасаған қадамы.
Өйткені табиғатты таныған адам оны қорғаудың маңызын тереңірек түсінеді!
GREEN SCIENCE KZ білім беру жобасын «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК мен «EcoForming экология және білім беру қоры» қоғамдық қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









