Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы «Жұмыс күні аяқталды, бірақ басшы қалуды сұрайды: бас тартуға бола ма?» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Түсіндіру жұмысы барысында Мұхтар Өтегенұлы тарапынан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы, үстеме жұмысқа тарту тәртібі және қызметкердің одан бас тарту құқығы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, үстеме жұмысқа тарту, заңнамада көзделген ерекшеліктер мен қызметкердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері түсіндірілді.
Азаматтарға еңбек заңнамасының талаптарын білу және өз құқықтарын қорғау қажеттігі атап өтілді.
Толығырақ: https://t.me/enbekturkistan/728
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









