1 / 3
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде еңбек заңнамасының сақталуын бақылау бағытында жұмыстар жүргізуде.
Осыған орай, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сыздықов Нұрбек Әбдібекұлы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің заңнамаларында белгіленген талаптарға сәйкес Кентау қаласында орналасқан Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Ащысай-Су» МКК-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында кәсіпорын ұжымымен кездесу ұйымдастырып, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталу жай-күйі, оның ішінде еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмыс берушінің заңнамада көзделген міндеттерді орындауы мәселелері қаралды.
Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру шеңберінде анықталған мән-жайларға құқықтық баға беріп, заңнама талаптарының орындалуына назар аударды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









