Кезекті арнаулы атақтар берілді

    1 / 4

    Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне орта басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары берілді.

    Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар беру рәсімі өтті.

    Тиісті бұйрыққа сәйкес кезекті арнаулы атақтар берілді:

    Азаматтық қорғау капитаны — Қостанай облысы ТЖД Ұзынкөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Аргингазин Казбек Каирбековичке.

    Азаматтық қорғау аға лейтенанты — Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Калиев Данияр Ахметжановичке.

    Кезекті арнаулы атақтардың берілуі қызметкерлердің кәсіби өсуіндегі маңызды кезең болып табылады және қызметтік міндеттерін орындаудағы жауапкершілігін арттырады.

    Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Н. Г. Селимов қызметкерлерді кезекті арнаулы атақтарының берілуімен құттықтап, оларға қызметте табыс, кәсіби өсу және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жаңа жетістіктер тіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары