Қостанай облысында «Тік шақыру» жарысы өтті

    1 / 9

    Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері кәсіби шеберліктерін, физикалық төзімділіктерін және қызметтік міндеттерді орындауға дайындығын көрсетті.

    Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Тік шақыру» жарысы өтіп, оған өңірдің 28 өрт сөндіру бөлімінің өкілдері қатысты.

    Жарыс үш кезеңнен тұрды: тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында (ТОЖҚҚ) жұмыс істеу параметрлерін есептеу, тыныс алу аппаратын бақылау тексерісінен өткізу және ғимараттың 15-қабатына көтерілу.

    Қатысушылар кәсіби дайындықтарын, физикалық төзімділіктерін және жоғары жүктеме жағдайында әрекет ету қабілеттерін көрсетті.

    Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

    1 орын — № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Ерманов Талгат Калуатденович

    2 орын — № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау аға сержанты Балацко Дмитрий Евгеньевич

    3 орын — № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Маулетов Бекзат Еркебланович

    Мұндай жарыстарды өткізу кәсіби дағдыларды жетілдіруге, дене дайындығын арттыруға және жеке құрамның төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындығын нығайтуға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары