ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі 7-ші дүниежүзілік конференциясы (ATConf/7) аясында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Корея Республикасы Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің азаматтық авиация мәселелері жөніндегі министрінің орынбасары Чон Чхе Гёмен кездесті.
Қазақстандық делегация басшысы Корея Республикасының Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, екі ел арасындағы әуе байланысының тұрақты дамып келе жатқанына тоқталды. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Корея Республикасы арасында Астана – Сеул, Алматы – Сеул және Шымкент – Сеул бағыттары бойынша аптасына 12 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады.
Кездесуде Korean Air әуе компаниясының қазақстандық нарыққа шығу жоспарларына ерекше назар аударылды. Вице-министр тасымалдаушының 2027 жылдың жазғы кезеңінде Сеул – Алматы бағыты бойынша рейстерді орындауды бастау ниетіне қолдау білдірдіп, жаңа әуе тасымалдаушының келуі жолаушылар ағынын одан әрі арттыруға, туристік байланыстарды кеңейтуге және саяхатшыларға қосымша мүмкіндіктер ұсынуға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ әуе компаниясының Сеул – Астана бағытын ашу перспективаларын қарастыруға мүдделілігі атап өтілді.
Бұдан бөлек, Талғат Ластаев Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім жобасын әзірлеу жұмыстарын аяқтау маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық тараптың оған қол қоюға дайын екенін растады. Құжатқа қол қою әуе қатынасын одан әрі кеңейтуге, авиациялық билік органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және екі елдің әуе тасымалдаушылары үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға берік құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында Талғат Ластаев Қазақстанның Корея Республикасымен әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделілігін растап, қол жеткізілген өзара іс-қимыл деңгейі жаңа бастамаларды іске асыруға және екі елдің азаматтық авиациясын одан әрі дамытуға қолайлы жағдай туғызатынына сенім білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









