Аягөз ауданы білім бөлімінің оқу ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес2026 жылғы 19 қараша Дефектологтар күніне орай салтанатты жиын "Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі" КММ-де базасында ұйымдастырылды. Іс шараға Аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т Азимбаев, оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы Маликова, әдіскерлер А.Е Амреева, А.О Көшкінбаева, дефектолог мамандар қатысты.
Салтанатты жиынды «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ-нің оқушыларының ән шашумен басталып, білім бөлімінің басшысыН.Т Азимбаев құттықтау сөз сөлеп, дефектолог мамандардың білім беру саласындағы қажырлы еңбегі, кәсіби шеберлігіне және балалардың дамуына қосқан зор үлесіңіз үшін алғыс білдірді. Мереке аясында бірқатар әріптестерімізді Облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, Аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, білім бөлімінің мадақтамасы және құттықтау хатпен марапаттады. Ал, әдіскер А.Е Амреева салтанатты жыинды ұйымдастырушы "Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі" КММ-нің директоры Сапакова Жанар Советказыновнаға және мектеп әкімшілігіне алғыс білдіріп, келесі дефектологтар күніне орай салтанатты жиын эстафетасын Аягөз аудандық білім бөлімінің "Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақшасы" КМҚК-не ұсынды.
Дефектолог болу – жай ғана мамандық емес, ол үлкен жүректі, төзімділікті, ерекше жанашырлықты талап ететін жауапты қызмет. Әр баланың кішкентай жетістігін үлкен жеңіске балап, оның болашағына сенім сыйлау – біздің ортақ мақсатымыз. Мереке құтты болсын әріптестер!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







