ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    1 / 11

    Отырар ауданында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау және тұрғындар арасында газдан улану жағдайларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Құнанбайұлы қатысып, жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтау, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

    Тұрғын үйлерді аралау барысында Отырар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану тәртібін түсіндіріп, пештер мен жылыту құралдарының жарамдылығын тұрақты тексерудің қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, улы газдан уланудың алдын алу үшін арнайы газ сигнализаторларын орнатудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

    Мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарамауға шақырды.

    Айта кетейік, қазіргі таңда Отырар ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1050 отбасы бар. Олардың 370-не газ сигнализаторлары орнатылмаған. Жылыту маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында олардың 370-іне газ сигнализаторларын орнату апта соңына дейін жоспарланған.

    Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өрт оқиғалары мен улы газдан улану жағдайларының алдын алуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары