Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Отырар ауданы әкімдігінің «Темір ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы орган, ауыл аумағында жергілікті басқару фукциясын жүргізеді, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Темір ауыл округінің жалпы халық саны 4366 адамды құрайды. Темір ауыл округіне: Темір, Ақшоқат, Отырабат, Ұзынқұдық, 37-разьезд елді мекендері кіреді. Ауыл округінің жер көлемі 3000,94 га, жеке тұрғын үйге арналған жер 546,14 га, жайылым жер 2880 га.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Темір ауыл округінің әкімі А.Жүсіпұлының атқарылған жұмыстары жөніндегі есеп беру кездесуі өтеді

    Құрметті Темір ауыл округінің тұрғындары! Сіздерді Темір ауыл округінің әкімі А.Жүсіпұлының есеп беру кездесуіне шақырамыз. 📍 Өтетін орны мен уақыты: 🔹 Темір ауылы, " Темір ауыл округі әкімінің аппараты" ММ – сағат 10:00 🔹 Отырабат елді мекені, "Отырабат" бастауыш мектебі – сағат 16:00 Ауылымыздың дамуы мен өзекті мәселелерін бірге талқылау үшін баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

    8 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    "Темір ауыл округі әкімінің аппараты" ММ