Бүгін Темір ауыл округінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кезекті экологиялық сенбілік өтті.
Туған өлкенің тазалығын сақтау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, жасыл желек аумағын кеңейту және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруды көздеген шараға ауылдық округ аумағында орналасқан барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, сондай-ақ өзге де кәсіпорын өкілдері бір кісідей жұмылып, белсенділік танытты.
Сенбілік аясында ауылдың көркін арттырып, қоғамдық демалыс орындарын көгалдандыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Ардагерлер» саябағында күзгі көшет отырғызу жұмыстары жүргізіліп, аумақтың жасыл желекпен толығуына үлес қосылды.
Сонымен қатар округ аумағында кешенді санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды. Мекемелердің іргелес аумақтары тазартылып, көше бойындағы ағаштар ретке келтірілді. Қоғамдық орындар мен көше жиектері, жол бойлары қоқыстан тазартылды.
Таза ауыл – жайлы өмірдің, ал көрікті өлке – ортақ еңбектің жемісі. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – баршамыздың азаматтық міндетіміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









